Tony Awards — 2019!

Сообщить о проблеме с эфиром

Tony Awards — 2019! Нью-Йорк төрінде, атойлап өткен бұл марапат кешін – «Бродвейлік Оскар» деп те атайды! Биыл 73-ші рет мәртебелі меймандарын қарсы алған шарада театр саңлақтарының еңбегі еленіп, жүлделер табыс етіледі!

Қызыл кілемде жұлдыздар жауған күн! Тек, ерекше жарқырап, көзге шағылысқандары санаулы ғана! Көптің назарын Люси Лью аудара алды. Сылқымның күлгін түсті көйлегі, елден ерек.

Эмили Ратаковскидің сұлулығы мен тартымдылығы әдеттегідей үйлесім тапқан. Сәнбике де кештің ең стильді мейманы бола алды! Сиена Миллер қарапайымдылығымен көзге түссе, Анна Винтур биік талғамын тағы бір дәлелдеп кетті.

Ерлер арасында Джейк Джилленхол көптің назарын аудара алды. Бірақ, Билли Портер сынды эпатажды бола алмағаны анық! Актер Celestino Couture- дің қызыл мен қызғылт түстері үйлесім тапқан образын таңдаған. Аяқ киімі мен аксессуарлары да ерекше. Еске сала кетсек, «Оскар» марапатында да өнер иесінің лукы бірнеше күн бойы талқыланғанды.

Радио-Сити-Мьюзик-холлдың төрінде, елді күлкіге қарқ қылу Джеймс Корденнің еншісіне тиіпті. Тележүргізуші көрермен көңілін көтеру үшін барын салды.

Сонымен, үздік спектакль, мюзикл, актер мен актрисалар марапатталып, жүлдеден құр қалдым дегендер табылмады.