«Тақтар ойынының» жұлдызы Астанада!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Comic con»-ға жиналғандардың басым бөлігі Пилу Асбектің табынушылары! Қалың көпшілік «Тақтар ойынының» кейіпкері Эурон Грейджойдан автограф алып, суретке түсу үшін сағаттап кезекте тікесінен тік тұрды. Тіпті, бағы жанған кей жанкүйер актердің инстаграм парақшасынан табылды. Ал, мына қос балақай жұлдызды мейманның ғана емес, желідегілердің де жүрегін елжіректендей.

Пиллу Асбек, актер:

- Өзге елде сені қалай қарсалғанына қарап, сол мемлекет туралы ой түюге болады дейді. Мен өзімді мұнда ең қымбат қонақ ретінде сезінудемін. Болашақта мінтетті түрде Қазақстанға қайтып келу ойымда бар.

Даниялық актер «Тақтар ойыны» -на 6-шы маусымда қосылған еді. Сценаристердің телехикая тәмамдалғанда оның кейіпкерін өлтіріп тастауға шешім шығарғаны мүлде ұнамаған. Мұндай финал көңілінен шықпаса да, «патша айтты, қара көндінің» керін киюге тура келіпті.

Пиллу Асбек, актер:

- Телехикаядағы актерлердің көбісі «жұлдызды» болғанымен, өте қарпайым жандар. Мысалы, Эмилия Кларк әрдайым бәліш пісіріп, бізге әкелетін. Кинодаға дракондардың анасы, біздің де анамызға айналды.

«Тақтар ойынынан» бөлек, Пиллу Люк Бессонның «Люси» фильмі арқылы көпке танымал. Онда актер, Скарлет Йохансонмен бірге төбе көрсетіп, кейіннен қос өнерпаз «Сауыттағы елес» картинасына түсті.

Пиллу Асбек, актер:

- Енді, келесі жылы, мен Джеки Чанмен бірге қытайлық фильмге түсейін деп жатырмын. Мен үшін бұл үлкен мәртебе. Алайда, мен өзімнің ең үздік рөлімді 85 жасымда ойнап, мақтанатын боламын деп үміттенем.

Пиллу Асбектің өзі сынды әлемге әйгілі актер болғысы келетін қазақстандық әріптестеріне берер кеңесі бар. Киногердің жетістікке жетудегі құпиясы қарапайым.

Пиллу Асбек, актер:

- Өзге тілдерді меңгеріңіз, іздемпаз болыңыз, кейіннен өзіңіздің жолыңызды, дарыныңызды ашатын жанды іздеңіз. Жақсы актер болу үшін тәжірбибе жинақтау өте маңызды