BTS - Лондондағы концерт

Сообщить о проблеме с эфиром

Пиллу Асбек жанкүйерлерінің жайын, BTS-тың фанаттары жақсы түсінер! Корейлік бойзбендтің Лондондағы концертіне кіру үшін, АРМИ-ге ұзын-сонар кезекте сарыла тосуға тура келді. Десе де, мұнда жиналған халықтың көңілі көтеріңкі! Қанша дегенімен көптен күткен «ұлы той» емес пе?

Стадион әп-сәтте халыққа лық толды! Армидың кеш қонақтары арасынан табылуға асыққаны соншалық, 90 000 билет алғашқы минуттарында-ақ сатылып кеткен. Тыңдарманын көп күттірмейін деді ме, жігіттер де сахнаға шығып, әсерлі әндерін «жаудырды».

Эринна Фейзол, Малайзиялық фанат:

-БТС Еуропадан болмаса да, еуропадағы халықтың ыстық ықыласына ие болып жатқаны таңқалтады. Жігіттердің әндері расымен тамаша!

Элла Лю, Қытайлық фанат:

- BTS тыңдарманына шалқар шабыт сыйлайды. Депрессия мен психикалық денсаулық туралы әндері тыңдарманын бақытқа бөлей алады.

Бұл кеште, Арми ғана емес, топтың мүшелері де ерекше толқыды. Өздерінің әндерін фаннаттары қосыла шырқағанын естіген BTS-тік серілер көз жасына ерік берді. Тіпті, жігіттер сезімдерін «тұсаулай алмай», концертті уақытша тоқтатуға тура келді.

Еске салсақ, бұл корейлік бойзбендтің Лондонда екінші рет өнер көрсетуі. Әйгілі ұжым 2018 жылы да британдық тыңдарманға әсерлі шоу ұсынған еді.