Kinopark командасы Алматыда су жаңа лазерлық кинотеатрдың тұсауын кесті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Кинопарк желісінің Алматылық көрермендерге жеткізер жағымды жаңалығы бар. Аталған ұжым күні кеше су жаңа лазерлық кинотеатрдың тұсауын кесті. Бес залдан тұратын алаң 561 адамға арналған былғары әрі жұмсақ орындықпен қатар, заманауи технологиямен жабдықталған.

Әбдірашид Рахметов, «Kinopark» кинотеатрлар желісінің бас директоры:

- Әр қаланың өзінің тұрған аудандарында қай жерде кинотеатр жоқ, біз сол жерді өзіміз есептеп, маркетингтік тексерістер жүргізіп, содан кейін кинотеатрлар ашамыз. Біз осы кинотеатрды өте сәтті кинотеатр деп ойлаймыз. Адамдар өте көп болады деп сенеміз.

Кинопаркке келсеңіз, отандық шоу-бизнес жұлдыздарымен де жүздесуіңіз ықтимал. Өйткені, қарапайым қарашамен қатар, өнер өкілдері де дәл осы жерге жиі бас сұғады. Қолы қалт етсе, кинотеатрға асығатын актер Бауыржан Сатов тұрақты клиенттердің бірі.

Бауыржан Сатов, актер:

- Кинопаркқа барып, көріп, креслосының өзіне отырып, экранына назар аударып, сол жерде істейтін адамдардың сізге деген қарым-қатынасы, көзқарасы барлығы қуантарлық!

Тұтынушыларына төркөрпеше боп төселетін кинопарк қызметкерлері, өз көрермендері үшін түрлі жеңілдіктерді де ұмыт қалдырмаған. Бұл жерде қолжетімді бағамен, үлкен экран арқылы жаһанды шарлауға мол мүмкіндік бар.

Әбдірашид Рахметов, Kinopark кинотеатрлар желісінің бас директоры:

- Ол біздің «Беспредельный понедельник» деген акциямыз бар. Өте ыңғайлы. 1500 теңге төлеп, бір күнде 5-6 киноға дейін көруге болады. Сейсенбі күні «супер вторник» деген біздің акциямыз бар. Балаларға 600 теңге, студенттерге 800 теңге және ересектерге 1000 теңгеден.

Көрермен көзайымана айналған команданың жоспардағы жобалары жетерлік. Таяуда аталған ұжым Шымкент шаһарында төрт залдық кинотеатрдың тұсауын кеспекші.