Әуелі сезімін білдірді, кейін көңілі суыды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған актер Олжас Әлжан, отау құрмайтын болды!

Осыдан тура бір жыл бұрын саксафонның сазына ырғала билеп, романтикалық кеште сүйіктісіне үйлену жайлы ұсыныс жасаған актер Олжас Әлжанның маңызды қадамы сәтсіз болған. Былтыр бір-біріне серт беріп, уәделескен екі жастың тағдыры, соңында тоғыспапты.

Олжас Әлжан, актер:

- «Әркімнің өмірі әр түрлі. Әр үйдің сыры басқа», - дейді. Менің де қуанышым болып, үйленейін деп жатыр деген ақпарат желілерге шықты. Бірақ адам болғандықтан әр түрлі жағдайлар болады. Бірақ өкінішке орай қазір біз дос болып қалдық. Ешқандай той болмайды ол қызбен!

Жеке өміріндегі жағымды жаңалығын желіге жүктеп, жұрттан сүйінші сұраған сәтте, актердың анасы да қатты қуанған-ды. Дегенмен, ұлы жүзігі мен жүрегін ұсынып үлгерген арудан бас тартқанда да аса сөге қоймаған. Керісінше қолдапты.

Олжас Әлжан, актер:

-Менің анам – әрқашан менің жеке шешіміме сүйенеді. «Егер сен өзің сүйіп, бақытты болғың келсе, менің қарсы болмаймын» - деді. Сондықтан, бұл қыз бен өзімнің арамыздағы шешкен келісіміз.

Қазіргі таңда әр қадамын аңдып басатын Әлжанның басы бос! «Аузы күйген үрлеп ішедінің» күйін кешкен актер, үйленетін уақытын да дөп басып айта алмайды.

Олжас Әлжан, актер:

- Қазір шынымды айтсам, асыға бір нәрсе айтқым келмейді. Өйткені, қорқамын. Алдын-ала жүгірмеу керек екен. Алдын-ала жоспарларыңды айтпау керек екен. Мен алдын-ала жарияға жар салып айттым. Қазір күлкіге қалып қалдым деген сияқты ғой.

Өміріндегі сәтсіздік, орда бұзар жасқа жақындаған сүрбойдақтың көзқарасын қатты өзгерткен. Әуелде сезімнің жетегінде жүріп сүрінген серінің, қазір қыздарға қояр талабы тым күшейгені байқалады.

Олжас Әлжан, актер:

- Басты қазіргі талап – иманжүзді қыз болу керек. Қазақтың, өзіміздің салт-дәстүрімізді ұстанатын текті қыз, иманжүзді, рухани қыз... Барлық жағынан солай келсе, неге үйленбеске дегендей ғой.Сондықтан барша қыздарға алтын сырға, мен әлі бойдақпын!