«Өнер қырандары» кино әлемінде дебют жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

– Өнер қырандары толықметрлі комедия таспалады! 20 жылға жуық театр сахнасында жүрген өнерпаздар бұл жолы кинокартинамен қуантуды жөн көрді. Күлдіріп отырып көзге жас ұялататын сахна саңлақтарының дебюті сәтті шықты ма? «Молда» фильмінің премьерасындамыз!

 

«Өнер қырандары» атауымен 2007 жылы театр шымылдығын түрген өнер иелері шығармашылық кеңістігін ұлғайтты. Артистер бірігіп «Молда» кинотуындысын дүниеге әкелді. Басты рөлде аталмыш театр директоры Мадияр Серікбаев:

Мадияр Серікбаев, актер:

Кино деген енді біз сахна емес екен жалпы ойнай салатын. Болмай қалса екінші рет барып тағы да түзей саласың. Ал кино бұл бір сәттік дүние. Бір әдемі фото. Түсіріледі бітті кетті. Қалды.

 

Серікбай-тегі сомдайтын Мұхтар есімді кейіпкер қылмыстық топ мүшесі. Полициядан жасырынуды көздеген баскесер түрлі шытырман оқиғаға тап болады:

Кейіпкеріңізге ұқсайсыз ба?

Мадияр Серікбаев, «Өнер қырандары» театрының директоры, актер:

– Өте қиын сұрақ негізі? Негізі іште ұқсаймын жүрегінде бір бәрібір драманы, мейірімділікті қалайтын кейіпкер. Ал жалпы ұстанымы келмейтін шығар маған.

 

Фильмнің түсіріліміне 1 айға жуық уақыт кеткен. Картина режиссері әрі сценарийсті Абдусаид Шайхисламұлына театр актерлерімен жұмыс жасау алғашқы күндері оңай болмаған:

 

Абдусаид Шайхисламұлы, режиссер:

– Біз олардың бәрінің басы бір жерге қосылса ол жерде тек әңгіме әзіл болып кететінін біліп, бәрін жан жаққа лақтырып жібердік. Әрқайсысын жеке жеке түсірдік. Кинода қарасаңыздар общий тұрған ешқандай кадр жоқ.

 

Шынайы оқиғаға негізделген туындыны жарыққа шығару жайлы шешім қабылдау тура 7 жыл уақытты талап еткен. Алғашында фильм театрда спектакль ретінде сахналануы тиіс болған. Бірақ,

 

Құдырет Топаев, актер:

– Көп кинолар енді бір адамның желісімен кетеді ғой. Бұл жерде қатарынан 6 ма 7 ма оқиға жұріп отырады. Барлығын бірінен соң бір іліп алып отыру уайымдадық.

 

Киноның продюсері актер Жанболат Найзабеков әріптестері бірыңғай кәсіби актер болғандықтан олармен бірге жұмыс жасау аса қиынға соқпағанын алға тартты. Сонымен қатар:

 

Жанболат Найзабеков, кинопродюсер, актер:

– Және де бұл менің 4-ші кином продюсерлік болып жатқан. Сондықтан да маған да қиын болған жоқ.

– Гонорары ең көп актер кім болды?

– Гонорары ең көп актер... апамыз болды. Өйткені шетел асып, Қырғыз асып келгеннен кейін сол кісі болды.

 

Анаркүл Назаркулова «Пейіш» атты толықметрлі фильмде басты рөлді сомдаған актриса. Өнер иесін арнайы Қырғызстаннан алдырту режиссердің қалауы екен. Бұл ұсынысты бұлжытпай орындаған продюсер әріптестерінің қаламақысына келгенде уақытты барынша создуға мәжбүр болған.

 

Мэлс Жақыпберді, актер:

– Бұл бірнінші біздің жалпы театрдың бірінші жұмысы болғаннан кейін ең бастысы сапалы дүние жасап алу керек болып тұр. Ал актерлардың ешқайсысы әлі ақшаларын алған жоқпыз. Біздікі ең бірінші осы кассадан өзін өзі жауып, одан кейін әйтеуір бір түсіп жатса содан көрерміз деп отырмыз.

 

«Өзгергің келсе бәрін өзіңнен баста» деген месседжді халыққа жолдағымыз келді дейді кино авторлары. Ал енді көрермен пікіріне құлақ салайық:

Айнұр Ильясова, актриса:

– Ұнағанда қандай. Шынымен де адамға ой салатын. Кейде енді пендеміз ғой. Көп нәрсені біреуді ренжітіп жатамыз. Біреуге ренжіп жатамыз.

Аша Матай, актриса, тележүргізуші:

– Өте ұнады. Күлдік те, жыладық та. Арман тіпті айтып жатыр ғой: Не болды еңіреп сонша ма деп.

Ақболат Өтебай, актер:

– Кино ұнады ма деген сөз аз. Мыңнан мың беріп келе жатырқ. Үлкен әсер алдық. Жалпы осы уақытқа дейін көрген киноларымның маған берген әсерінің ең алды болып тұр.

Серік Ибрагимов, әнші:

– Бүкіл қазақ назар аударатындай кино болайын деп тұр Ақболат. Бұйырса назар аударсын деп тілейміз.