Ғалымжан Молданазар кезекті лайф кешін өткізді! Музыкант енді режиссерлікке бет бұра ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

Ол феномен! Кәсіби музыкант, талантты композитор. Біз бүгін Ғалымжан Молданазардың лайф кешіндеміз. Дәл қазір әлемдік деңгейдегі артистің фанаттары концерттің басталуын күтуде. Ендеше ерекше атмосфераға бірге бөленейік. Кеттік.

 

Ғалымжан Молданазар 2013 жылы көпшілікке «Ақпен бірге» әнімен танылды. Кейін араға 5 жыл салып АҚШ-та өнер көрсетіп, әлемдік аренаны бағындырды. Бүгінгі таңда синти-поп жанрында ән шырқайтын артист тренд қумай-ақ көптің сұранысына ие.

Бүгінгі концерттің өтуіне Молданазар тобына 10 жыл толғандықтан ба әлде басқа бір себеп бар ма?

Ғалымжан Молданазар, музыкант:

– Ешқандай себеп жоқ. Әдеттегідей өзіміздің шығармашылық кешіміз. Тыңдармандарымызды сағындық.

– Осы концертте жаңа релиздер орындала ма?

– Иа.

– Қандай?

– Самурай деген ән. Осы былтыр шыққан кішігірім альбомның. Ол әнді біз ешқашан орындамағанбыз.

 

Үлкен фанбазаға ие музыкант бұған дейін шағын сахналарда өнер көрсетуді құп көретін. Алайда бұл ойынан ендігі айныған сыңайлы:

– Аренада концерт беру ойыңызда бар ма?

– Осы жылы иа. Үлкен концерт береміз. Ол бірақ мүмкін Республика сарайында. Оркестрмен үлкен ауқымды концерт болады.

 

Әлемдік деңгейдегі музыканттың кумиры қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Беспаев. Оның лирикалық әндерін, қоңыр дауысын жоғары бағалайтын әнші бірге коллаб жасауға ниетті екендігін тілге тиек етті:

– Сіздің сүйікті әншіңіз Мейрамбек Беспаев екен. Сол кісімен бірге фит жазуға жоспар жоқ па?

– Менің кумирым ол кісі. Сол үшін менде, мен ол кісіге тең келмейтін сияқтымын деген ой бар… Ол кісінің ән айтқанын мен қатты жақсы көремін. Сыйлаймын. Білмеймін бірақ ондай болып жатса мықты ол керемет болушы еді. Армандарымның бірі.

 

Арманшыл музыканттың жалғыз қалауы бұл емес. Ғалымжан нағыз кәсіби өнерпаз ретінде өзінің шығармашылығын үлкен кеңістіктерді дамытқысы келеді. Оның бір жолы – авторлық кино!

Ғалымжан Молданазар, музыкант

– Өзімнің бірақ арманым бар кішігірім кино түсірсем екен деген. Білмейм бірақ. Режиссер ретінде өзімнің авторлық фильмімді түсіргім келеді.

 

Ғалымжан музыка әлеміндегі ерекше құбылыс. Оның фанаттары ұраншыл жанкүйерлер емес, маргиналдық қасиетімен ерекшеленетін тыңдарман. Әншінің фанаттары Молданазар-тегі жайлы қандай қызық ақпараттар біледі екен, сұрап көрдік:

– Мен оның алғаш бейнебаянын 30 мың теңгелік қаражатқа түсіргенін білемін.

Біраз уақыт ол Қызылорда облысында туған Иә, сол жақта әншілікке дейін қойшы болған деп естігенмін. Сол факт. Бірақ ол соған қарамастан арман қуып осы Алматы қаласына келген. Тіпті кейбір уақыттары далада қонды деп естігенмін.

– Қызықты факт. Жақсы көретін сөзін білемін. «Бол», «Қош бол», «Мейірімді бол». Сондықтан да сол сөзбен бірге әндер жазады.

Кеште Трек-листтегі жоспарланған синглдер толық орындалғанымен, тыңдарман өнерпазды жібермей қойды! Жанкүйерлерінің көңілін қимаған әнші сахнаға қайта оралып танымал тректерін бірнеше рет орындады.