Танымал хитмендер Andro, Elman, Toni және Mona елімізде кезекті ән кешін берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

Танымал хитмендер Алматыда! Атап айтсақ, Andro, Elman, Toni және Mona. Әр трегі ТМД елдерінің топ-чарттарында жүрген музыканттардың синглдерін білмейтін жан кемде кем. Ендеше, Мегаполистегі кештің қызықтарын бірге тамашалайық!

 

2018 жылы құрылған «RAAVA MUSIC» лейблының әртістері ELMAN, ANDRO, TONI және MONA бүгінгі таңда топ музыканттар қатарында. ТМД елдерінің чарттарын жаулап, тыңдарманның жүргенінен орын алған өнерпаздарды Алматылық жанкүйер қайта қауышудан жалықпайды.

Toni, музыкант:

– Қазақстан. Сіздер өте көңілді, өте мықтысыздар. Сөзсіз!

Elman, музыкант, продюсер:

– Шынымызды айтсақ, Алматы біздің ең сүйікті қаламыз. Сол үшін де біз бұл қалаға өте жиі келуге тырысамыз.

Andro, музыкант:

– Маған бұл жақтың адамдары өте қатты ұнайды. Мен ғашықпын. Мен Қазақстанға ғашықпын.

 

Еске салсақ, талантты әншілердің басын қосқан ELMAN. Ол шығармашылық орталық құрып, қол астына ANDRO, TONI және MONA-ны алған еді. Ал төрттіктің ерекшелігі – лирикалық әуенде.

 

Түрлі эмоция спектріне бөлеген атмосфералық кеште тректер бэк-вокалдың сүйемелдеуімен орындалды. Тыңдарманға эксклюзив те ұсынылды. Мәселен, ELMAN мен TONI жаңа коллаборациясының тұсауын мәдени астанамызда кесті.

Elman, музыкант, продюсер:

– Біздің жаңа әніміз 28 ақпан күні шығады. Біз оны осында және Астанада алғаш орындадық.

Toni, музыкант:

– Әннің аты «Замечтательное».

 

Әр трегімен тыңдарманға шабыт сыйлап жүрген таланттар, Қазақстандық музыканттардың да шығармашылығымен таныс екенін жасырмады. Тіпті сұқбат барысында аттарын атап, құрметтерін білдірді.

 

Ирина Кайратовна, Captоwn, Hero, Qontrast, Shiza.

 

Танымал төрттіктің өнерін тамашалауға қарапайым фанаттар ғана емес, отандық жұлдыздар да арнайы келген. Олардың арасында әнші Luina да бар. Ал әншінің фавориті кім?

Luina, әнші:

– Маған концерт өте қатты ұнады. Шынымды айтсам мен бұндай жоғары деңгейде өтеді деп күтпедім. Өте көп жаңа әндер тыңдадым. Мен үшін вокал жағынан ANDRO мен TONI-дің шығармашылығы ерекше ұнайды деп айта аламын.

 

ELMAN, ANDRO, TONI және MONA-ның ауқымды аудтиория жинай алуына «Зари» трегі себеп. Аталмыш ән тыңдарманға мотивация ғана сыйлап қана қоймай, талай жаралы жүректерін емдеген екен.

 

Көрермен пірікі:

Бізге тосын сый болады деп айтқан еді. Бірақ, ол болмады. Тосын сый қайда?

– Концерт қалай өтті ұнады ма?

– Өте қатты ұнады негізінде. Бірақ сюрприз күттім мен қатты.

– Концерт өте керемет дәрежеде өтті. Барлық халық, барлық адамдар риза.

– Өте қатты ұнады. Керемет

Әртістердің әбден дайындалғаны көрініп тұр, жүрекке жеткізді. Жыладым, күлдім, түрлі эмоцияға берілдім.

 

Талантты төрттік музыкалық чарттарда көш бастап, YouTube платформасында кем дегенде 200 миллион қаралым жинауының арқасында жеке кешінде де аншлаг жасай алды. Мұндай сұраныстан бұл өнерпаздар соңғы концерттері емес екені анық.