Ақан Сатаевтың «Рэкетир 3» криминалды драмасы көрерменге жол тартты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

- Көрермен асыға күткен «Рэкетир - 3» фильмінің премьерасындамыз! 17 жыл бұрын алғаш жарық көрген аталмыш туындыны білмейтін жан кемде кем. Бұл жолы актерлік кастқа Рауан Ахмедов та келіп қосылды. Жаңа бөлімде түрмеден шыққан басты рөлдегі Саянды қандай шытырман оқиғалар күтіп тұр…

 

Бұл сәтті көрермен 10 жыл күтті! Ақан Сатаевтың төлқұжатына айналған туынды «Рэкетирдің үшінші бөлімі» жарық көрді. Бұл жолы кинокартинаның тұсаукесері өз елімізді ғана емес, ТМД-ны да қамтыған.

Ақан Сатаев, режиссер, кинопродюсер:

Иә, біз осы бір-екі үш күн бұрын Мәскеуде, одан кейін Ташкентте тұсаукесер көрсетілім болды. Енді міне қазір үйімізде Алматыдамыз. Бұдан кейін Алла бұйырса 18-і күні біздер Бішкекке барамыз. Онымен ғана шектелмейміз.

Саят Исембаев, актер:

Мәскеуде де, Ташкентте де бәрі жоғары деңгейде өтті. Бірақ Өзбекстанды ерекше атап өткім келеді. Өйткені олардың қонақжайлықтарына мен ризамын.

Атышулы толықметрдің сценарийін жазған фильмнің режиссері әрі продюсері Ақан Сатаевтың өзі. Ал толық дайындығы мен түсірілімне 1 жылдан астам уақыт кеткен. Қаражатына келсек:

Ақан Сатаев, режиссер, кинопродюсер:

– Жалпы бәрін жарнамамен қосқан кезде мен ойлаймын шамамен 200 млн теңгеге шықты біздің бюджетіміз.

– Соңғы сұрақ актерлер қалай кастқа қабылданды. Жаңа актерлер бар екен байқадық?

– Біздер көптеген актерлер бірінші бөлімінен келді, және де жаңадан да талай жас балалар жас актерлер осы үшінші бөлімнен көресіздер. Бәрі де біздің көңілімізден шықты. Бәрі де болашақ жұлдыз.

Рэкетирдің алғашқы бөлімі 90-шы жылдарды сипаттаса, жаңа туынды қазіргі кезеңді көрсетеді. Шығармашылық құрам жаңа актерлермен толыққанымен, көрермен көзайымына айналған Саян кейіпкері өзгермейді.

Саят Исембаев, актер:

– Мен қай жерде де рэкетирмін. Түсірілім атмосферасы өте тамаша болды. Әрине Ақан Сатаевтың командасы болған соң деп ойлаймын.

 

Десе де қылмыстық әлемнен сыр шертетін картинаның басты мақсаты- жамандықққа жақсылықпен жауап қайтару.

Саят Исембаев, актер:

Фильм жайлы айтатын болсам біз қылмыспен айналысуды насихаттамаймыз. Сондықтан, кімде-кім заңға қайшы әрекет етсе, түбі жақсылыққа апармайтынын үлкендер, жастар да түсінуі керек

 

Ал «Рэкетир2»- де эпизодтық рольде бой көрсеткен Асылхан Төлепов бұл жолы басты кейіпкердің бірін сомдады. Триквелде Жан Байжанбаевтан бастау алатын кикілжің – Асылханның кейіпкері Абылай арқылы отбасылық теке-тіреске айналады.

Асылхан Төлепов, актер:

– Әрбір актер Ақан Сатаевтың кинотуындысына түскісі келеді. Ақан ағамыз енді талай актердің бағын ашқан режиссер болу керек болғасын бізге бұйырды.

Актерлық кастқа жаста болса өзін толықметрлі картиналарда басты рөлдерді сомдап жүрген Рауан Ахмедов та келіп қосылды.

Рауан Ахмедов, актер:

2007-ші жылы шықса мен 3 те болған екенмін. Айтқан кезде, мен кастингке шақырған кезде бірден қуанғанмын. Мен қуаныштымын бұл ұжыммен жұмыс істегеніме. Рақмет үлкен, мүмкіндік бергендеріңізге рақмет!

 

Сатай-тегінің кезекті туындысына кино кеңістікте жүрген әріптестері де өзіндік баға беріп, пікірлерімен бөлісті:

Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

– Егер 10 нан жоғары балл болса, жоғары беретін едім. 10/10. Өте жақсы түсірген. Ең бастысы драматургия бар.

Жан Байжанбаев, актер:

– Шынымды айтсам фильм соңында көз жасымды тия алмадым... әсерлі болды

Артур Төлепов, актер:

– Жақсы, көңілден шықты. Көңілден шыққаны бұл жерде нақты нүкте қойылды. Драма жағынан маған қатты ұнады.