Шеслана Құсаинова @sheslana_kusainova
– Қала ұйқыға кетті. Ал мафия оянды. Бұл жолы біз бейбіт тұрғындарымыздан айрылып қалдық. Мафия кім? Бұл Рамазан Амантайдың кезекті туындысының жаңа концепциясы. Біз «Мафия» фильмінің түсірілім алаңындамыз. Ендеше қызықты сәттерге бірге куә болайық.
Таспаланып жатқан толықметр қазақ киносында тыңнан түрен салмақ. Себебі ол әдеттегі комедия емес, әзіл арқылы триллер, неонуар, детектив жанрларын тоғыстырмақ. Саспенс пен экшн сахналардан тұратын туындының сценарийін жазуға бақандай 5 ай уақыт кеткен.
Рамазан Амантай, кинопродюсер, актер:
– Мафия киносы өте шытырманға толы, қызыққа толы кино. Мафияның кім екенін сіздер мүлдем таппайсыздар құрметті достар.
Картинаның режиссері әрі сценарий авторы – Дархан Саркенов. Актерлық каст та баяғы «Заманback» фильмінде жұмыс атқарған шығармашылық ұжым.
Дархан Сәркенов, режиссер, сценарист:
- Негізі қиындау болып жатыр. Бастапқыда біз 20 күнде түсіреміз дегенбіз. Қазір 25 күнге созылуы мүмкін.Сондықтан да күніне мысалға 5 сахна жоспарласақ оның 3-еуін ғана түсіріп үлгереміз деген сияқты. Күн ерте батып кетеді деген сияқты.
Десе де, көрермен фильмнің актерлық құрамын мүлде жаңа қырынан танымақ. Ол үшін өнер өкілдеріне біраз трансформациядан өтуге тура келген.
Жасұлан Әйтен, актер:
– Кейіпкерім маған қатты ұнады. Себебі осындай шаш алу керек болды. Басқа қырынан көрсететін секілдімін өз өзімді. Бұндай рөл менде бұрын болмаған.
Нарқыз Айдарова, актриса:
– Кішкене сондай еркекшора. Мінезі ауырлау қыздың рөлін сомдаймын. Өзім дайындалған кезде кореялық дорамада сондай бір еркекшора рөлін сомдайтын актриса бар еді. Соны қарап кішкене.
Жақсылық Айтқұрман, актер:
– Образды біздің режиссеріміз Дархан Сәркенов айтты. Сақалыңды өсір, көзіңе линза қоямыз, шашты түсірейік.
– Актерлердің гонорары өсті ме? Райдерлері, талаптары өзгерді ме?
Рамазан Амантай, кинопродюсер, актер:
– Иа, әрине өсті ғой.
– Қаншалықты өсті?
– Екі есеге өсті десек болады. Кәдімгідей өте қымбат актерлерге айналды. Миллиондаған гонорарлары бар. Кейде скидка сұрап қалып түсіріңіздер деп ше. Сөйтіп қалып жатырмыз. Ол лайықты әрине. Лайықты.
Еске салсақ, фильмнің идеясы режиссер Сәркеновке тиесілі. Ең қызығы, «Мафияның кім екенін» көрермен сынды шығармашылық ұжымның өзі білмейді.
Дархан Сәркенов, режиссер, сценарист:
– Актерлердің ешқайсысы кімнің маньяк екенін яғни мафия екенін білмейді. Қазір мен түсірілімнен кейін бірден қашам басқа отельге. Өйткені актерлер түсе сала артымнан қуалап кім деп сұрап жүр.
Рамазан Амантайдың бұл туындысы осы жылда көрерменге жол тартады. Ал біз кинопродюсерге сәттілік тілейміз!
Рамазан Амантай, кинопродюсер, актер:
– НТК арнасына рақмет. Заманback киносын түсірген кезде Қырғызстанға дейін келген. Мен ойлаймын енді басқа Америкада түсірсек Америкаға келетін шығар деп. Айға түсірсек айға да келетін НТК арнасына рақмет.