Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova
– Ағайынды Рымбаевтар коллаб ұсынбақ! Балалық шақтары түсірілім алаңында өткен Әли Окапов пен Мәди Рымбаевқа камера, жарық таңсық емес. Шығармашылықтарына мықтап кіріскен бауырлар бүгін 3 бірдей әнге mood video түсірмек. Ал біз процесс барысын көруге келдік.
Әли Оқапов, музыкант:
– Үшеуі де айтылған ән болғанымен біздің нұсқада олар шынымен де бір басқаша деммен қайта оралмақшы сияқты тыңдарманның құлағына. - Біріншісі ол Роза Рымбаеваның Атамекен әні, екіншісі Ерболат Құдайбергеновтың «Мен қазақпын!» әні, ал үшіншісі біздің Ескендір Хасанғалиев ағамыздың «Айналайын» деген әні.
Ескі әндердің жаңа нұсқасы тыңдарман жүрегінен орын аларына үмітті Әли үшін mood видео түсіруді толықтай Мәдиге тапсырған. Бұл менің оған деген риясыз сенімім дейді ол:
Әли Окапов, музыкант:
– Шыны керек, мен алғашқы рет mood видео түсірудемін. Бүгін мен үшін эксперимент. Бұл жобаның продюсері - Мәди. Мен айттым: «Мәди, өзің бәрін шеш. Өзің таңда. Өзің құрастыр. Мен. Осы жолы мен әнші бола тұрайыншы. Жай ғана уақытында келіп, өз жұмысымды жасап кетейін» -деп.
Әли өнерлі інісін «продюсер» деп таныстырғанмен, Мәди сұхбатта қарапайымдылық танытты.
– Енді толығымен продюсерлік жұмыс деп айта алмаймын. Мен жай ғана түсірілім тобымен кездесіп, балаларды таңдап, идеяларды бірге талқыладым. Ол енді әрбір әртіс істей алатын сияқты.
– Нақты қай әндер болатынын да Мәди шешті ме?
– Екеуміз ақылдастық. Негізінде тағы 2-3 ән болған. Бірақ, өкінішке орай бір әнге рұқсат берілген жоқ. Яғни оны орындайтын орындаушы рұқсат бермеді. Неге екендігін білмеймін. Айтпай-ақ қояйын.
– Рұқсат етпеген әнші ол new school өкілі ме?
– Иә, ол жас әнші
Мәди Рымбаев, музыкант:
– Мен енді ғана түсіндім. Мен өмірімде Әлимен бірге клип түсіріп жатқаным алғашқы рет екен. Ешқашан бірге бейнебаян түсірмеппіз.
Сұхбат соңында Әли Оқапов эксклюзивті жаңалығымен де бөлісті.
– Үлкенірек жобалар туралы ойларыңыз жоқ па? Кино түсіруге?
Әли Окапов, музыкант:
– Роза Рымбаеваның өмірі жайлы үлкен байопик. Өнері мен өмірі туралы Роза Рымбаеваның. Сондай үлкен біздің жобамыз бар. Өкінішке орай бізді әзірше қолдамады. Түрлі мекемелерге барғанбыз. Бірақ барып шаршадым, шыны керек. Өйткені өз-өзімді бір жексұрын сезіндім. Жеке қаражат іздеудемін. Бірақ бір күні сол арман жүзеге асады деген үмітім бар.
Ағайынды Рымбаевтардың талабы да, арманы да биік. Шығармашылықтарына белек сыбана кіріскен бауырлар тыңдарманын жаңа туындылармен қуантуға ниетті. Ал біз тек сәттілік тілейміз!