Сезім бағында gender party!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шаһ-Керім Кәрмен, тележүргізуші:

– Ең әсерлі сәттердің бірі. Бұл тек үйлену тойлары ғана емес, жұптарымыз үйленіп, үйлі болғаннан кейін осы студияға шілдехана, бесік тойға оралуы біз үшін күнделікті жұмыстың адам тағдырына әсер етіп жатқанын сездіреді.

 

Жастар тұңғыштарының есімін сайлап қойған. Атұстар өмір есігін ашса Шаһ-Керім, кестетігер дүниеге келсе Камила деп атамақ. Ниеттері мен қалаулары керемет-ақ. Десе де алғашқы балаға есім беруге әуес әулет үлкендері бұл шешімді қалай қабылдады екен?

Еділ Шынасыл, «Сезім бағы» бағдарламасының экс-қатысушысы:

Осы бағдарламаның арқасында үйленіп отырмыз. Анамыз есімім Еділ болғаннан кейін Жайық деп қойғысы келді. Бірақ мен айттым. Себебі Еділ-Жайық егіздерге қоятын ат сияқты деп. Сол үшін Шаһ мырза. Шаһ мырзаның атасы танымал. Бұл есім де Қазақстан бойынша аз ғой.

 

Шаһ-Керім бе? Әлде Камила ма? Еділ мен Сәуле және олардың махаббат оқиғасын басынан бақылаған көрерменді қызықтырар осынау сауалдың жауабын білер сәт келді. Бірақ алдымен қатысушылар пікіріне зер салайық.

  • Мен қыз деп ойлаймын!
  • Меніңше ұл.
  •  

Еділ мен Сәуле 6-маусымда табысқан жұп. Шынасылтегі бағдарламада көп уақытын жоғалтпады. Алғаш келген үміткерінің қолын ұстап, аз уақытта некелі жары етуге шешім қабылдады. Нәтижесі алдарыңызда. Енді қазіргі қатысушылардың жобадағы мәселелеріне ойысайық.

Diko ray, «Сезім бағы» бағдарламасының қатысушысы:

– Үштіктің дауына кіремін деген ой болған жоқ. Мені таңдап келген болатын. Өздеріңіз көргендей үшінші адам келіп, бұрыңғы ара-қатынастағы қызымен бітпейтін әңгімелері болды.

 

Біраз уақыт көптің талқысында болған үштіктің жыры әлі де сөз болып жатыр. Ендігі мәселе - қос арудың жүрегін жаулаған һәм жаралаған Айсажан тағы да қатысушы үстеліне жайғаса ма? Ал алғашқы махаббатының келуін Медина қалай қабылдамақ? Тағы көз жасына ерік бермей ме? Сұрадық.

Медина Төлегенова, «Сезім бағы» бағдарламасының қатысушысы:

Айсажанның көп нәрсесін кешірдім, кешіре білдім. Бақытын басқа жақтан тапсын. Бақытын сырттан іздесе күшті болар еді.

 

Көптің көзайымына айналған Айсажан мен Медина жұбының ендігі тағдыры бізге де беймәлім. Көп күткендей қатысушы болып қайта келе ме, оны да білмейміз. Бірақ қол ұстасып, той жасайтын, артынша Еділ мен Сәуледей сүйіншілететін жұптар көп болсын деп тілейміз.