2000 жылдары қазақ сахнасында жарқ етіп, әлі де биігінен түспеген «Музарт» триосында ерекше иірімдерімен көзге түскен Сәкен Майғазиев биыл елуді алқымдады. Ғұмырының 28 жылын қазақ өнері мен мәдениетіне арнаған артист мерейтойына орай шығармашылық кеш өткізбек. Ал біз концерталды дайындығын көріп қайттық.
Сәкен Майғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Ердің жасы елуге келіп жатырмыз. Есеп беретін кез келген сияқты. Басқа ауқымды жоспарларым болған еді. Бірақ бәрін бір концертке сыйдыру мүмкін емес екен. Қарап отырсам, ұстаздық еткенім бар. Ғылыми еңбектерім бар. сол себепті ықшамдап, аналарға тосын сый жасауға ниеттеніп жатырмыз.
Сәкен Майғазиев 2015 жылы алғаш рет жеке концертін өткізді. Араға 3 жыл салып, Алматы төрінде тағы да соло кешін ұйымдастырды. Ал 8-наурызда Алматыда өтетін бұл шара тыңдарманының үшінші бас қосуы болмақ.
Сәкен Майғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Көп әндер жазылды. Осы ән кешімде енді қарап отсам 23-ке жуық ән шырқалатын болса, соның 10 шақты әні жаңа ән екен. Әлі айтылып үлгермеген. Бірақ десекте көп көрермен ескі әндерімді сұрап жатыр. Мәселен енді әке туралы әнді бұл жолы айтпайтын шығармын дегенмін. Көптеген адам маған толассыз хат жазды. Сол әке туралы ән шырқасаңыз екен деп. Сол себепті әлі де елеп, екшеп, ескеретін боламыз алдыңғы уақытта.
Қазақ эстрадасының мэтрі бұл кеште кеңінен көсілмек. Өзі ашып айтпағанымен, арнайы хореографиялық нөмір болатынын аңғардық. Несі бар, ел ағасы 50 де болғанымен, қимылы ширақ, ал өзі бабында.
Сәкен Майғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен хорымен керемет бір дүние ұсынғымыз келіп тұр. Оны бірге тамашалаңыздар, Құдай қаласа! Келіңіздер, көріңіздер! Мерекелік көңіл-күй сыйлайық.
Сәкен Майғазиев тек мегаполистегі тыңдарманын қуантып қана қоймай, өңір-өңірдегі жұртшылықты әнмен әлдилеп, ақ батасын алуға ниетті.
23 ақпан күні Қызылордадан басталатын туры 25 ақпан Батыс Қазақстанда, әрі қарай Түркістан мен Таразда жалғасын таппақ. Ал соңғы локация - Петропавл. Шығармашылық топ есіл жағасына 28 наурызда табан тіремек. осы зкт-да графика берейікші, барлық қалалар мен датасын жазып?
Сәкен Майғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
– Өнердегі әріптестерім қонақта болады. Ол мені қолдаған "МузАрт" тобы, Мақсат Базарбаев, сонымен қатар Мадина Сәдуақасова және Шахиразада және «HasSak» тобы сүйемелдейтін болады. Одан бөлек аспаптарда ойнайтын музыканттарымиыз бар, шекті аспаптардың квертеті болады. Бір сөзбен айтқанда сахнада кем дегенде 12, 15 адам тұратын болады. Келіп кешімізді тамашалаңыздар. Басқа да сіздер күткен күтпеген тосынсыйларға толы болмақ.
Ұйымдастырушылар бастапқыда кешті «Менің әлемім» деп атауды ұйғарған. Алайда ел ағасы өзім демей, тақырыпты аруларға арнап, 8-наурызбен байланыстыруды жөн санаған. Ендеше аруларға арналған кештен қапы қалмаңыз, көрермен.