8-ақпан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы лық толды. Бірақ
Қырғызстан мен Қазақстандық жанкүйерлер көптен күткен
Еркебұлан Тоқтар мен Марсельдың жекпе-жегі болмады. Себеп Нұрланбекұлының жарақаты.
Еркебұлан Тоқтар, ММА файтері, актер:
– Ол қалай жарақат алса да, есі дұрыс адам 1-2 күн қалғанда жарақаттан сақтанып жүреді. Білмейм енді ол әдейі ұрды. Қолында ақауы
болған екен.Қатты ұрсаң сынып кетеді. Мәселен, мен бойдың аптасында
спаринг жасамаймын. Алдын-ала жасап аламын. Себебі 1 апта қалғанда алған жарақат емделмейді. 2- 3 күн қалғанда спаринг жасап жарақат алу ол ақымақтық деп санаймын.
Ұйымдастырушылар Тоқтартегінің көрерменінен айырылғысы келмеген сыңайлы. Соңғы сағаттарға дейін Еркебұланға қарсылас іздеп әлектенді.
Еркебұлан Тоқтар ММА файтері, актер:
– Қарсылас табылмады. Дайындықсыз ешкім шықпайтыны анық қой. Дайындықпен шығу керек. Саған қарсылас таппадық деді. Түске дейін жекпе-жек болады деп ойладым. Дайын жүрдім. Салмақ қудым, жаттығу жасап.
Марсельдің 2 күн қалғанда жекпе-жекке шыға алмайтынын хабарлауы көптің көкейіне күмән сейілткені рас. Көпшілігі қорықты деп топшалағанымен қырғызстандық спортшы мән-жайды былай ұғындырды.
Марсель Нурланбекуулы, ММА файтері (Қырғызстан)
– Шынымен жарақат алдыңыз ба? Әлде Еркебұланнан қорықтыңыз ба?
– Мен шыныменде жарақат алдым. Міне қолым. Жаңа тазалап шықтым. Еркебұланнан қорықатындай, ол мүлде жеңілмеген спортшы емес қой.
– Уақыт ұту үшін жасалған әрекет деген де болжамдар бар? Соған не айтасыз?
– Жоқ, ары кетсе 2 ай. Сәуірде болады жекпе-жек. Қолымды сындырып алғанмын, ішінде темірі бар. Ұрып темірді қозғап алыппын. Мен шыққым келген. Бірақ дәрігерлер рұқсат бермеді.
Беттесу алаңына алдымен Үштөбелік Тайсон мен Бексұлтан Талайуулы шықты. Одан кейін Аю лақапатымен танылған Бекжан Бакиров пен қарсыласы Иван Смирнов кездесті. Face to face-тегі кезек Еркебұлан Тоқтар мен Марсель Нурланбекуулына да жетті. Нағыз шоу осы сәтте басталды.
Еркебұлан Тоқтар, ММА файтері, актер:
- Бір қолмен ұрам деген әңгіме айтыпты. Бір қолын байласын, мен де байлаймын. Бір қолмен төбелесуге болады. Бір қолмен алып қоямын дейтін болса.
2 ай дайындалып, 9 келі салмақ тастаған Еркебұланның ашуы орынды-ақ. Ал билет алып, уақыты мен қаржысын шығындаған көрермен бұл жайтты қалай қабылдады?
– Сол қызық бола ма болмайды ма. Соны көру үшін келдім. Мүмкін басқа қарсылас берер. Бірақ Еркебұлан мен Марсельдың төбелесін көруге келдік.
– Марсельдің қолдаушысымыз. Бірақ Еркебұланды да спортшы ретінде құрметтейміз!
Жанкүйер пікірі түсінікті. Ал алаңда шаң қаптырмай жүрген кәсібилердің болжамы қандай?
Расул Мирзаев, «Fight Night» лигасының әлем чемпионы (Ресей)
– Жігіттер мықты. Бірақ екеуіне де техниканы жақсарту керек әлі.
Марсель жарақатынан айыққан соң жекпе-жектің күні белгіленбек. Қос спортшығы сәттілік тілейміз. Шын мықты жеңіске жетсін.