Үйлену мәселесінде қоғамның қыспаққа алатыны рас. Күнтізбе қай ғасырды көрсетсе де адамдар отау құруға асықтыруын доғарар емес. Сөзімнің дәлелі - тұрмыс құрмаған танымалдар. Олар бұл проблеманың барын жасырмайды.
Анна Данченко, тележүргізуші:
– Сондай пікір бар қоғамда. Бірақ мен шынымды айтсам, бұл тіркесті тырнақшаға алар едім. Өйткені қазіргі таңда қыздарды тек жасына қарай өлшейді ғой «кәрі қыз» деп, жаңағы отырып қалған қыз, ерте тұрмысқа шықпаған, балалы болмаған деп. Мен бұл тіркесті жалпы «кәрі қыз» деген тіркесті тікелей емес, ауыспалы мағынада қолданар едім. Яғни, бір жерде тұрып қалған, дамымай қалған, өзін таппай қалған қызды «кәрі қыз» деп айтар едім.
«Кәрі қыз» атағынан шаршағандардың бірі – блогер Ақжарқын Жомартова. «Негізсіз айыптаудан арылу үшін жарымды тіпті телеарна арқылы іздедім»,- дейді ол.
Ақжарқын Жомартова, блогер:
– Жалпы сізге «қашан тұрмысқа шығасың?» деген сұрақ көп қойыла ма және тығырықтан қалай шығасыз, не деп жауап бересіз?
– Маған уже қойып-қойып шаршады. Мен ұялмаймын тіпті, өзімнің де етім үйренді.
Толқын Нұрбекова, театр және кино актрисасы:
– Бұрын көп қойылатын. Өйткені ол кезде менің көңіліме көп алатынмын. Қазір мүлдем ол сұраққа басымды қатырмайтын болғандықтан шығар, бәлкім байқамағандығымнан шығар ондай сұрақ қазір қойылмайтын болды.
Бұл сауалға бикештердің еті үйренген сыңайлы. Ал расында, неше жаста тұрмыс құрған абзал?
Жұлдызай Дүйсембиева, актриса:
– Мен оны айта алмаймын. Өзім 33 жасқа кеп тұрмысқа шыққам. Бастысы бақытын табу ғой. Сондықтан тура осы сұрақтарыңызға тікелей жэауап бере алмаймын.
Ақжарқын Жомартова, блогер:
– Негізі 18 толғаннан кейін, егер де достойный жігіт келсе, керемет жігіт кеп жатса, неге шықпасқа? Өйткені оқу, быт деген ол бола береді.
Ақжарқын «сіңілілерім менің кебімді кимесін деді-ау «кәмелетке жасқа тола сала тұрмысқа асығыңдар»,- дейді. Ал жігіттердің пікірі қандай?
Ақжол Пірімбетов, актер:
– 23-ке дейін шығып кеткен дұрыс. 23-ке дейін.
– Неге?
– Өйткені еркектерде андай да, біз 25-тен асқаннан кейін біз таңдаймыз. Менің ойымша, қыздарда да сондай сияқты, таңдайтын сияқты. Марат Оралғазин, тележүргізуші:
– Жалпы әр адамның өз еркі бар ғой, бірақ десек те андай бір репродуктивті жас бар ғой енді. Мүмкін соған байланысты белгілі бір жаңағындай межелері бар деп ойлаймын. Ол енді адамның өзінің таңдауы ғой.
Назар Шархан, актер:
– 22 шығар, университет бітіре салып. 1-2 жыл мысалы жұмысын да, кәсібін кішкене игеріп алса тұрмысқа шыға беруіне болады деп ойлаймын. Жастай үйленген жақсы ғой негізі.
Пікір сан-алуан. Нақты жауабы жоғы анық. Себебі үйлену санның емес, сезімнің мәселесі.