Чингиз Капин театр сахнасына қайта оралды!

0:000:00Качество1  АудиоСубтитры
Сообщить о проблеме с эфиром

Театр әлеміне плюс бір моноспектакль. Ал таңдалған шығармаға жан бітірген Чингиз Капин. Бір жылдық үзілістен кейін актер сахнаға дәл осындай күрделі жанрдағы қойылыммен оралуды жөн санаған.

Чингиз Капин, актер:

Көрерменмен қайта қауышу үлкен бақыт. Себебі  ір жылдай үзіліс, шабыт іздеу кезеңі болды. Бірақ бүгін мен шексіз бақыттымын.  

 

Чингиздің шабытына арқау болған спектакль «Дирижёр любви» деп аталады. Қойылым өмір бойына өзге жандардың махаббат мұңын тыңдап келген барменнің өз оқиғасымен бөлісуінен басталады.

 

Әсерлі кешке кей көрермен махаббат жырын тыңдауға келсе, енді бірі Чингиздің сахнадағы ойынын сағынып келген. Айта кетсек актер шығармашылық толқыныс іздеп, мұхит асып Америкаға ат басын бұрған еді.

Чингиз Капин, актер:

Маған Америка ұнайды. Бірақ білесіз ба мен өз Отанымды қатты жақсы көремін. Голливудта әрине кәсіби өсу, даму бар. Шығармашылық әлдеқайда алға жылжып кеткен. Бірақ мен онда жүргенде елді қатты сағындым.

 

Спектакльді бұл жолы өзгеше бояуға түрлендірген, кешті кулминациясына жеткізген - оркестрдің сүйемелдеуі. Көрермен махаббаттан көңілі қалған барменнің оқиғасын тыңдай отыра, әуезді әннің ырғағында ерекше күйді сезіне алды.

Айсұлу Әзімбаева, актриса:

Шын мәнінде мен тіпті Чингиздің бұл спектакльді дайындап жатқанын білмедім. Афиша шыққанда ғана көрдім. Бірақ бұл материалда Чингиздің өзі өте көп болатынын сездім, және көрермен қалай қабылдағанын білмеймін, бірақ бүгін спектакльде мен мұны анық байқадым. 

 

Әмбебап артист әнге де салды, биді де биледі. Жүз пайызға ашылып, сахнамен бір болды десек болады. Ал мұндай ерекше спектакль ұсыну Фархат Кулбаевтің идеясы. Айта кетсек бұл оның театрдағы алғашқы дебюттық жұмысы.

Фархат Кулбаев, режиссер:

Чингиз өте мықты актер, өте терең адам. Сол үшін ол сияқты адаммен жұмыс істеу маған қызық болды. Рижисерға негізі ол сыйлық, осындай әртісті табу, осындай әртіспен жұмыс істеу. Шыңғыстың барлық істей алатын мүмкіндіктерін шығардық сахнаға.

 

Чингиз Капин, актер:

Біз бұған дейін Фархатпен НТК телеарнасы үшін түсірілген ЖБ сериалында бірге жұмыс істегенбіз. Ол режиссер ретінде көптеген қызықты шешімдер ұсына біледі. Өзінің дегенін істетпей қоймайды.

 

Махаббат тақырыбы әркез жүректі тебірентпей қоймаған десе-ді. 8 миллиард адамның арасынан сен деп соғатын жүректі табу бұл басқа қонған бақ. Қойылымнан нәзік сезімге бөленіп шыққан жандардан махаббат жайлы сыр шертуін сұраған едік. Жауап күткендей әртүрлі:

Чингиз Капин, актер:

Махаббат барлық жерде өмір сүреді, және ең маңыздысы – оны тарата білу.

Айсұлу Әзімбаева, актриса:

Махаббат мен үшін – ең жоғары деңгейдегі өзара түсіністік.

Таня Турлай, актриса, блогер:

Махаббат, махаббат және тағы қана махаббат. Мен үшін махаббат бұл отбасы.