Дәл осы «Tosyn syi» трегін шығармас бұрын Nurik Smit пен Liili-дің шығармашылығына ерекше қызығушылық танытқан көрінеді. Алайда коллаб жазу идеясы екеуінде бір мезетте туған.
– Ал жалпы екеулеріңіздің шығармашылықты қосқан не нәрсе?
Nurik Smit, музыкант, рэпер:
– Өнер. Ғаламтордан көріп, «өте талантты адам, мықтысың» деп жаздым. Осылай дос болып кеттік. Содан кейін бір жерде жұмыс жасадық екеуміз бұрын.
– Сіз бірінші жаздыңыз ба?
– Екеумізде бірге жаздық.
– Оған дейін сіз Нуриктың шығармашылығымен таныс па едіңіз?
– Иә.Нурикті «Конг-Фу» әнімен шыққанда танығанмын. Содан бері өнері ұнайды.
Бүгінде Нурик «Ruh music», ал Лейла «Headliner» лейблында өнер көрсетеді. Шығармашылық тандем жалғасын таба ма деген сұрағымызға қос әнші былай деп жауап берді:
– Коллаб жалғаса ма?
Nurik Smit, музыкант, рэпер:
– Мен өте қатты Liili-дің альбомын күтіп жүрмін. Алдағы уақытта альбом шығады.
Liili, музыкант:
Иә, қазір альбом шығару үшін әндер жазып жатырмын. Дайындық үстіндемін. Көктемде шығып қалар. Әзірге жаңа тректің релизін дайындап жатырмын.
Релиз демекші, өткен уикенд Нурик бірнеше әннің тұсауын кесті. «Сұлу», «Неге» деп аталатын туындылар Смиттің келесі альбомына енбек. Ал Лейла әзірге клиппен асықпайтынын жеткізді.
Liili, музыкант:
– Әзірге клип таспалау ойда жоқ. Өйткені бейнебаян түсірген соң ол ерекше, сапалы туынды болу керек. Қаржылай да біраз қалта жұқартары анық.
– Сіздер шығармашылықтан бөлек басқа да бір жақсы байланыс жақындататын сияқты. Достық ахаббатқа ұласқан жоқ па?
Nurik Smit, музыкант, рэпер:
– Әпкем ғой
– Иә, тек қана шығармашылық.
– Айтып тұрмын ғой, бұрын бір лейблда болдық. Сол кезден көрістік,сонымен әрі қарай жұмыс істеп бастадық.