«Теміртас. Біржан сал» спектаклі кәсіби мамандардың сынына ұшырағаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Ғабдысадырқызы, @sheslana_kusainova:

«Алатау» театрында премьера! Өзгеше декорацияға құрылған «Теміртас» спектаклінің ерекшелігі тек бұл емес. Актерлердің орнында – дәстүрлі әншілер, ал музыкалық дыбыстың орнында – фольклорлық ансамбль. Ендеше бірге тамашалайық!

 

Режиссер Фархад Молдағали «Теміртас.Біржан сал» спектаклін көрермен назарына ұсынды! Қойылым Біржан салдың бірқатар әндерінің үзінділерінен тұрады. Дайындық жұмыстары 5 айға дейін созылған. Өйткені, режиссер дәстүрлі әншілермен жұмыс жасау оңайға соқпағанын тілге тиек етті:

Фархад Молдағали, қоюшы-режиссер:

– Бұл жерде процесс өте қиын болды деп айтуға болады. Өйткені *+02:51 - бишілер актерлықпен айналысу, актерлар да өзі ән айту керек болды, әншілер олар да актерлық шеберлікпен айналысу керек болды. Сондықтан мұның барлығы қайнап жатқан дүние. Сол қайналып ішінде жұмыс жасай бердік, жасай бердік.Ешкімді бөлген жоқпыз «мынау әнші, мынау биші» деп. Барлығымен бірге жұмыс жасауға тырыстық.

 

«Mamluk.Сұлтан Бейбарыс», «Құлагер» сынды soundrama бағытындағы спектакльдер сахналап жүрген режиссердің бұл жолы таңдауы реквием жанрына түсті:

Фархад Молдағали, қоюшы-режиссер:

– Бұл – реквием. Бұл жерде қазақтың қыршын кеткен барлық ұлы адамдары жайлы да айтамыз, жас қызды қалың малмен шалға сатып жіберу деген сияқты сондай проблемалар қозғалады. Қазақты қырған кез қозғалады.

Сахнада бір мезетте 50 ге жуық артист бүтін бір организмдей өнер көрсетті. Оның ішінде «Алатау» этно-фольклорлық ансамбілі де бар, кәсіби музыканттар ешбір жасанды дыбыссыз, желдің дауысына дейін ұлттық аспаптардың үнімен қойылымды сүйемелдеді. Бұл қатарда труппаның ақсақалы, актер Оңдасын Бесікбаев та бар:

Оңдасын Бесікбаев, театр және кино актері:

– Енді қобалжу болған шығар жастарда кішкене, әлі төселу керек бұл спектакльде кішкене сіңіру керек бойға. Менің ең бір қобалжитын нәрсем – осы біздің бүгінгі диалогсыз, бір актерлардың бір сөзі жоқ, мынандай қимыл әрекет жанрымен халыққа жеткізе білдік па...

Қойылым өзіндік бояуларға ие. Сахнадағы жарық мен хореография көрерменді елітіп әкетеді. Ал Біржан Серінің «Ғашығым» әнінің кейіпкерін сомдаған актриса: «Бұл тек тарихи шығарма емес, мұнда бар қазақ қызының күйзелісі көрініс табады» дейді

Бибігүл Орынбасар, актриса:

  • Мұнда бүткіл қазақ еліндегі бұрынғы заманда болған қазақ қыздарының оқиғасы, өмірі, тарихы, переживаниесі..

«Сын түзелмей, мін түзелмейді». Өзгеше қойылымның алғашқы көрермені де өзіндік сын-пікірімен ерекшеленді:

Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның халық артисі, актер:

– Қандай әсер алдыңыз?

– Әсерім жақсы. Бүгінгі спектакль бір композициялық үрдісте қойылған сияқты болып көрінді маған. Әрине, Біржанға оның өнеріне бағышталған дүние деп қабылдайық, бірақ образ жоқ.

Жомарт Зейнәбіл, театр және кино актері:

– Би өнері мен пластика арқылы осы қазақтың үлкен трагедиясын көрсете білді. Мына қазақтың әнін айтқан адамдарды атып тастауы, Біржанның әнін айтқан адамдардың жанын жаһаннамға жіберіп жатқаны барлығы біздің көзімізге жас үйіріп отырды.