Блогерлер отбасы: Ахон мен Дилек әншілікке бет бұрды!

Сообщить о проблеме с эфиром

– Ән карьераңызды бастапсыз. Сол жайында сұрайын деп едім?

Dilek, блогер:

– Сен жауап берші. Қобалжып тұрмын ғой біртүрлі.

Ahon Berzhan, блогер:

– Диляра да талант бар. Оны бәріміз білеміз баяғыдан. Енді талантты неге қолдамасқа? Осы күнге дейін бәрі сұрап жүрді. «Ән айтыңызшы, өтініш» деп7 Менің айтып жүргеніме 10 жыл болды. Батылдықпен Диляра енді-енді шығып жатыр. Қолдау сұраймыз бәріңізден.

Dilek, блогер:

– Менің қолдаушым бар.Енді жаңадан бастап жатырмын..

– Алдағы уақытта соло өнер көрсетесіз бе? Әлде тек қана дуэт ретінде орындайсыздар ма?

– Негізі Дилек... Дилекқа негізі айтқам «өзің ғана айт». Өтйкені, менің даусым жоққо. Сосын тек қана Дилекқа вклад жасадым. Сосын Дилек айтты: Мен сахнаға өзім шықпаймын, сенімен бірге всегда и везде дегесін ладно дедім. Дилек үшін енді тырыстым тоже менде де сәл сәл дайындалдым.

 

Бұған дейін вокалмен айналыспағанбыз деген жұп, алдағы уақытта музыкаға толыққанды ден қоймақ. Ахонның замануи рэп оқуы, жақсы үйлесім болатынына Дилек сенімді. Тіпті қазір отбасылық контенттері де сиреп, басты фокусты шығармашылыққа қойған.

Ahon Berzhan, блогер:

–Менікі кішкене қазір современный рэп. Қасымда көмекшілерім бар. Бәрін көрсетеді. Адам жасаған нәрсені мен де жасай алам.

Dilek, блогер, әнші:

– Біз негізі қазір фокусты толық сол музыкаға бұрып жатырқ. Екі өлең... А үш өлең, екі клип жасап тастадық уже осы бір аптаның ішінде.

– А басқа кіммен коллаб, дуэт жасағыңыз келеді? Садр, Тұрар мысалы?

Dilek, блогер:

– Негізгі осы өлеңге келердің алдында да айтқам: Ешкіммен feat жазбаймын деп вообще. Тек қана жазсам күйеуіммен ғана и білмейм енді бір алдағы уақытта бір мировой звездылармен болмаса

Ahon Berzhan, блогер:

– Бұйырса, бұйырса өзім тауып берем. Feat жазатын адам тауып берем. Но жазатындай адам.