Әнші, дизайнер, экс-Виагралық ару Светлана Лобада 2009 жылы «Евровидение» байқауында өзін көрсеткен соң тасы өрге домалай бастады. Міне биыл сахнада жарқырап жүргеніне тұп-тура 20 жыл.
LOBODA, әнші (Украина)
– Уақыт зымырап, 20 жыл артта қалғанына сене алар емеспін. Сахнаға 1-2 жыл бұрын ғана шығып бастаған сияқты едім... Осыншама уақыт өтіп кеткенін байқамай да қалыппын. 20 жылда қаншама тәжірибе алдым, соның арқасында қазір алдарыңыздамын.
Ән мансабының айтулы датасына орай Светлана өз тыңдарманын қуантпақ. 20 жылда жазылған әндерді топтастырып «Меgamix» жобасымен арнайы тур жасамақ. Айтуынша бұл тур өзгелерден ерек. Концертте тек қана хит тректер емес, Лободаның ән баспалдағындағы алғашқы туындылар да шырқалмақ.
LOBODA, әнші (Украина)
– «Меgamix» жобасында шырқалатын әндер тек миллиондаған тыңдарманның құлағында жатталып, сүйікті синглына айналған әндер емес. Керісінше менің карьерамды бастауыма себеп болған, еленбей қалған ескі әндер де болмақ. Әрине, жаңаша нұсқада. Сіздер үшін керемет тосынсый болады деп ойлаймын.
«Megamix» жобасы Лободаның өзімен 20 жыл бойы бірге болған адал жанкүйерлеріне арналған. Әнші мансабының түрлі кезеңдерінде өзін қолдаған әрбір тыңдарманға алғысын жаудырды.
LOBODA, әнші (Украина)
– Тыңдарманымды барынша қуантқым келеді. Ән жазуымның себебі де сол – адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлау.
«20 жылда өзім ғана емес, әнім де түрліше бояуға енді, өзгерді» деген Светлана, аталмыш жобамен алғашқы сапарын Америкадан бастамақ. Бүгінде ол ақпан айында АҚШ-тың Нью-Йорк, Торонто, Майами, Чикаго және Лос- Анджелес қалаларындағы кешке қызу дайындықты бастап кеткен.