Қазына Әбдіғапбар @kazyna_abdigapbar:
Олжас Тоғымбет енді ата! Актер өзінің қызы ғана емес, немересі де барын жақында біліп, төбе шашы тік тұрды. Карьера қуып, тасы өрге домалай бастағанда, кездескен жаңа туыстар Тоғымбеттегінің мансабына кедергі ме? Премьерадамыз!
«Kinopark» компаниясы ұсынған Оңтүстік Кореялық «Скандалисты» фильмінің қазақша ремейкі көрермен назарына ұсынылды. Басты рөлде -Олжас Тоғымбет. Бұл актердың комедия жанрында түскен толықметрдегі дебюті.
Олжас Тоғымбет, актер:
– Көрермен мені антагонист ретінде көріп үйреніп қалған. Өзің білесің, келбетіме байланысты, суық болғандықтан экшн, драма, тек қана сол жанрларда жұмыс істейтінмін. Енді бұл маған біріншіден үлкен тәжірибе.Сосын үлкен жоба басты рөлде.
– Жалпы ол фильммен таныстың ба?
– Иә, бір 10 рет көрген шығармын. Себебі, енді Кореяның дорамасы басқа, біздің қазақтың менталитеті басқа.Сондықтан біздің қазақшылыққа дорама ретінде бейімдеу. Мүлде орысша сөз қолданған жоқпыз. Ол біздің бірінші мақсат болды.
Екі қызды тәрбиелеп отырған актер, «Жап-жас ата» картинасында әке ғана емес, атаны да сомдауға барын салады. Ол: «кинодағы қызым Монаға әке болу қиынға соқты», - дейді.
Олжас Тоғымбет, актер:
– Қиын сәттер көп болды, оңай емес. Себебі, өзіңнің призмаң арқылы өткізе отыра елестетесің. Себебі, эмоциялық эпизодтар көп болды. «Мен сенің қызыңмын, мынау сенің немерең» деген.
Mona, актриса:
– Мен үшін қиын болған жоқ. Негізі Олжас ағамен актерлік байланыс меніңше жақсы болды. «Қазір онымен сөйлесемін» дейін ба? Негізі жақсы болды. Көп күлдік.
– Фильмде өзіңіз ән айтқан екенсіз. Әншілігіңіздің пайдасы болған шығар?
– Иә, шынымен. Негізі актер меніңше жан-жақты болу керек.Тек қана әншілік емес, бишілік, басқа да қабілеттері көп болғаны дұрыс.
Фильмнің композиторы Nazzarbeck те дорамалардың фанаты болып шықты. «Корей елінің мәдениетіне махаббатым, картинаны барынша жарқын әуездерге толтыруға септігін тигізді»,- дейді ол.
Nazzarbeck, әнші, композитор:
– Жалпы Корея жанры негізі маған жақын. Кореяның негізі музыкасы да ұнайды. Бірақ біз басқа көзқараспен келдік. Себебі енді біздің отандық өнім болғаннан кейін тырыстық. «Ва-Банк», «Ыстық ұя» сериалының музыкалары ұнайды да, строениясы.
– Сондай бір бағыттар байқадым әннен?
– Барынша тырыстым, бірақ енді толық Корея деп айта алмаймын.
– Фильмнен осы бір кореялық стильді байқай алдыңыз ба?
Рауан Ахмедов, актер:
– Визуалдық тұрғыда кореялық стиль бар. Өйткені енді ремейк. Үйдің ішіндегі стилистика және одан кейін концерт болып жатқан шамдар ұқсайды. Ал сценарий, актерлердың ойыны, оның барлығы қазақы менталитет.
– Қай фильмның ремейкыне түсер едіңіз?
– «Бэтмэн» шығар.