Біржан сал театр сахнасында!

0:000:00Качество1  АудиоСубтитры
Сообщить о проблеме с эфиром

Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek:

- Біз сахнадағы қойылымды көргенімізбен сахна сыртындағы «шуды» біле бермейміз. Әртістің жай-күйін көрермен залынан сезінгенімізбен, шымылдық артындағы қарбаластан бейхабармыз. Бүгін әртістердің дайындығын көру үшін Алатау дәстүрлі өнер театрына арнайы келдік.

 

20-қаңтар күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында премьера! Реквием жанрындағы «Теміртас.Біржан сал» туындысы көрерменге жол тартпақ. Дәстүрлі әншілер де, актерлер де, бишілер де бір ағзаның мүшесі екенін анық түсініп, режиссерді қалтқысыз тыңдап , тапсырмаларды мүдірмей орындауда. Шығармашылық труппа Біржан сал Қожағұлұлының әндеріне негізделген спектаклдің жоғары деңгейде өтуі үшін еңбектенуде.

Бақыт Беделхан, ақын, «Теміртас.Біржан сал» шығармасының авторы:

Біржан -бүкіл салдардың басы ғой. Біржан -құбылыс, ерекше адам, күрделі құбылыс. Бұл жұмыс барысында туындаған мәтіндер. Сондықтан мені автор деп есептегенмен жұрт, толыққанды бастан-аяқ драматургияға құрылмаған. Ерекшелігі осында. Біржанның әндерінің әрқайсысы трагедия. Бір-бір тағдыры Соларды тарқатып, халыққа тәпсірелеп жеткізу.

 

Идея режиссер санасына 5 ай бұрын сап еткен. Содан бастап Фархад -Молдағали Біржан салдың барлық әндерін зерттеп, қойылымға сай бірнешеуін таңдаған. Кейіннен іске композиторлар кірісіп, Қожағұлұлының шығармаларына жаңаша леп сыйлаған. Ең кереметі бұр перформанс ансабль сүйемелдеуімен орындалмақ. Бірде-бір жасанды дыбыс жоқ.

Фархад Молдағали, қоюшы-режиссер:

Әндерге басымдық бердік, әніне, сөзіне, жалпы әуеніне. “Теміртас”, “Жанбота”, “Ләйлім-шырақ”, “Ғашығым” барлық дерлік әндері орындалады. 20 шақты әндері орындалады. Қазақтың өлмес өнерін, дәстүрін, осы әндердің бізге жету жолын көрсеткіміз келеді. Бұл тарихи спектакль емес, сондай болған дегеніміз емес, бұл метафоралық спектакль.

Дәстүрлі әншілердің аталмыш қойылымдағы миссиясы күрделірек. Әдетте тек ырғалып ән салатын қыз-жігіттер бұл жолы сахна қозғалысын меңгеріп, хореографиялық қимылдарды да жаттауы тиіс.

Диас Мұратхан, дәстүрлі әнші:

Біржан сал атамыздың барлық әнін-дерлік білеміз. Бірақ осы реквием-спектаклінде Теміртас әнін орындаймыз.

Байқап қалдым, дәстүрлі әншілердің белгілі бір сахналық қойылымдары бар екен. Қиындық туғызып жатқан жоқ па?

Бізге қиын болып жатқан жоқ. Себебі бізде сахна қозғалысы, би деген сабақтарымыз бар. Осы театрда өтеміз.

Фархад Молдағали, қоюшы-режиссер:

Сахнада минимализм. Сосын отқа сала жанбайтын, суға салса батпайтын әніміз, фолклорымыз үлкен бір метафроценді көлдің үстінде өтетін дүние.

 

Реквием-қойылымда қыз тағдыры, махаббат трагедиясы, зорлық-зомбылық пен ұлтқа жасалған қиянат қатар көрініс таппақ. Осылайша ұжым Біржанның әндері арқылы тек өзінің емес, бүтін қазақтың мәселесі көрсетпек.

Ендеше 20-қаңтар күні Алатау дәстүрлі өнер театрында өтетін премьерадан қапы қалмаңыз, көрермен!