Дәурен Серғазин Дулыға Ақмолда мен Еркебұлан Дайыровқа қапалы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дулыға Ақмолда - кәсіпкер, Еркебұлан Дайыров - музыкант, ал Дәурен Серғазин жолы болмаған жігіт әрі 3 баланың әкесі. Дәл осындай құрамда бір отбасының ағайынды ұлдарын сомдайтын серілер кез келген жанұяда кездесетін, бірақ сыртқа айтыла бермейтін ащы шындықты паш етпек. Ол қандай сыр? Бірге білеміз.

 

Кіл мықтыларды бір картинаға тоғыстырған Алдабек Шалбаев, режиссер ұлының тырнақалды туындысын қолдап, өнердегі інілеріне қолқа салған. Нәтижесінде ағайындылар жайлы «Тамыр» картинасы дүниеге келді.

Алдабек Шалбаев, актер, кинопродюсер:

Иә, енді өмір ғой енді. Кезінде мектеп бітіргенде академияға барам дегенде айтып едім: «Жоқ, бармайсың. Бір үйге бір жынды жетеді», – деп. Міне, ізімді басып келе жатыр. Бірнеше сериал түсірді. 60-70 клип түсірді. Ақырында бір полный метр түсірсін деп мен өзім ынталандырдым, сондықтан түсірді.

Енді кастты өте керемет жинапсыз. Қалай көндірдіңіз?

Бұлар мені аға деп сыйлап, әрқайсысына өтініш жасадым. Маған қарсы болған жоқ.

Өзіңізді Алдабек аға шақырды ма?

Дулыға Ақмолда, ҚР Халық әртісі, актер:

– Иә. Біз енді кімнің. Бұл біріншіден Дастанның ең үлкен тырнақалды үлкен шығармасы болғандықтан да мына «актерский солидарность» деген болады. Маған сценарий өте ұнады бірден.

 

Талдықорған қаласында түсірілген картина отбасылық құндылық, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, алтын көпір жайлы. Режиссер Дастан Алдабек фильм сценариін әкесінің өмірінен алған көрінеді.

– Идеясы қайдан келді, өмірден алынғаны рас па?

Дастан Алдабек, кинорежиссер, сценарист:

– Иә, өмірден алынған. Менің папаммен негізі өмірден өткен оқиғалары бар. Енді «художественный вымысел» деп айтады ғой, ол да бар. Бірақ негізі өмірден алынған оқиға, иә.

– Ал Алдабек аға өмірде қандай әке?

– Енді папам әртіс болғандықтан уақыты тығыз, съемкада болады. Мысалы, бір-екі ай көрмеймін ол кісіні. Сондықтан енді осы киноны папама арнап түсірдім. Папама, бауырларыма арнап түсірдім.

Сюжет желісі бойынша өзара бақталасып өскен ұлдар, жыл санап бір-бірін басып озуға жанталасып, қарым-қатынастарына сызат келтіреді. Араларындағы жолы болмаған кенже ұлды Дәурен Серғазин, ал жұбайын Айжұлдыз Адайбекова сомдайды. «Актерлық құрамды естіп, сценарийді оқымастан бірден келісім бердім»,- дейді Серғазинтегі.

Дәурен Серғазин, кино және театр актері:

Иә, енді біз негізі Дулыға ағамен, Еркебұлан ағамен, Алдаш ағамен бұрыннан бері таныспыз. Жалпы театралдар дейді ғой енді. Екі театралдың басы қосылса бір отбасыдай болып кетеді.

Сахнадағы жұбайыңызды ойнайтын Айжұлдыздың тікелей театрға келуіне осы фильм және өзіңіз септігі болған екенсіз. Ол сізді несімен тәнті етті Айжұлдыз?

Түсірілім барысында бірден Айжұлдыз есіме түсе қойды. Айжұлдызды ол кезде сырттай танитынмын. Бірақ, өзінің қылығымен, өнерімен, өзінің еңбекқорлығымен, сахнадағы тәттілігімен сол кейіпкерге келетін сияқты болып тұрды.

 

Фильмде әке махаббаты мен мақтауы үшін бір-бірімен өштескен ұлдар, өмірде «ағалы-інілі бауырлармыз»,- дейді.

Дәурен Серғазин, кино және театр актері:

Ұнамаған кинолар болса бетіме айтады: «Мына киноң ұнамады. Мына рөлің ұнамады» деп. Мен оны жақсы қабылдаймын.

Ал, картинада Дулыға Ақмолданың жарын сомдайтын Мадина Ақылбекова керісінше, ауыл өміріне жақын еместігін ашып айтты.

Қашан соңғы рет бардыңыз?

Мадина Ақылбекова, актриса:

– Жоқ, менің кейіпкеріммен мен ұқсаспын. Себебі, Жанна өте сирек барып тұратын, қаланың кәдімгі келіншегі. Мен де сондаймын. Мен қаланың адамымын десем болады. Мен ауылға жақын емеспін.