«Қазақша Стендап табыс әкелмейді!» Комиктердің бүгінгі жайы қалай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar:

«Қазақша стендап жанры қарқынды дамып, көрермені күн санап артуда. Бүгін микрофон тізгіні Жансая, Гала, Нұрмахан және Жоламанда. Комиктерді қандай тақырыптар мазалауда? Бірге білейік»

 

Стендап жанры қазір қалай дамып жатыр? Сол жайында айтып өтсеңіз.Сіздер гастроль аралап,елден елге шығып жатырсыздар, иә Қазақстан бойынша?

Жансая Мұратбекова, стендапер:

Кейбіреуі шығып жатыр, иә. Мен әлі бірақ бастаған жоқпын.

Көктемге қарай сольный концерт берем деп едіңіз.

Қазақ стендап тарихында жалпы қыз баласының концерт беруі деген ол стэндапта болсын, тіпті жалпы творчествада ол оңай жұмыс емес.

 

Жансаяны қолдап сахна сыртында әдеттегідей жолдасы Дидар мен қызы Дара жүрді. Стендапердің өзі «кейде осы жүрісімнен аса көп табыс таппайтыным қынжылтады»,- дейді.

Жаңа айттыңыз ғой, табыс онша көп емес деп. Қаншалықты пайдасы бар?

Жансая Мұратбекова, стендапер:

Бұл жерді біз жалға аламыз деген сияқты... Бұл енді бастапқыда саған ондай көп қаржы әкелмейді. Кейіннен өзіңнің атың үшін дейді ғой мысалы, кейін атың өзіңе қызмет жасамаса. Мәселен, мен бұл жақтан керемет ақша таппаймын.

Дидар Советбеков, Ж. Мұратбекованың күйеуі, "Qazaqsha StandUp" жобасының продюсері:

Жансаяның барлық стендабында бірге жүресіз бе үнемі?

Иә, қасындамын.

Өзіңіз шыққыңыз келмей ма?

Мен осыдан 3 жыл бұрын 1 рет шыққам.Ол бір ғана себеппен. Жансая роддомда болып қалды.Сол кезде мен шықтым.

 

Кезекті соло стендап иесі - Данияр Бекжанов. Ол бүгін әзілдерін тексеруге арнайы келген.

– Сізде жақында соло-концерт болады екен. Дайындығыңыз қалай жүріп жатыр?

Данияр Бекжанов, стендапер:

– Дайындық жаман емес енді. Осыған дейін техникалық кештер бердік. Сол кештерде тексерілген материалдардың бәрін жинақтап, 26-шы қаңтар күні жеке кешті берейін деп отырмын, бұйырса.

– Жалпы өзіңізде табу тақырыптар бар ма?

Нақты қозғауға болмайды, мұнда кірмеңдер деп ешкім ешкімге айта алмайды. Кім қаншалықты дәрежеде тақырыбын қозғай алады және материал соған сай ма? Өз өзіне жауап беретіндей материал болатын болса, міндетті түрде қозғайтын комиктер бар арамызда.

 

Ал Нұрмахан Мұқанұлы телевидениедегі мансабын осынау микрофонға арнағандардың бірі. Ол қазақтілді стендаптың болашағынан зор үміт күтеді әрі шын сенеді.

Сіз бастапқыда орысша да стендапқа шығып жүрдіңіз.

Нұрмахан Мұқанұлы, стендапер:

Негізі мен о баста стендапты қазақша бастағанмын, 2016 жылы. Сосын енді, біз әлі ол кезде әлі қазақша стендап дейтін қатты дамымаған кезі. Орысшаға да шыға берейін деген ой болды.

 

Бүгінгі кешті тізгіндеген Жоламан Кәкеш импровизациясымен ерекше көзге түсті. Көрерменмен тілдесу, орынды қалжыңдар келген жұртты тәнті етпей қоймады.

Жоламан Кәкеш, стендапер:

Залды жардыңыз!

Рахмет көп-көп

Үнемі солай ма?

Үнемі солай, маған халықпен сөйлесіп импровизация жасаған маған жеңіл. Қазір стендапты қазір қолға алып жатырмын.

Ең қызығы, жеке өмірі жайлы монолог оқитын Жоламан, жүз пайыз шынайы болуға қорқатын көрінеді. Оған себеп – отбасының, әсіресе анасының шығармашылығын қолдамауы. Тіпті бастапқыда Кәкештегінің ет жақыны стендап сахнасына шығуына қарсы болған екен.

Жоламан Кәкеш, стендапер:

Мамалар әлі де сенбейді менің шығармашылығыма деген сияқты...

Қалай көндірдіңіз?

Көндірдім.

Ютубдан шыққан видеоларыңызды көрсетіп пе?

Ютубтан иә біреуін көрсеттім. Ол ата-анам туралы бірінші материалым еді. Қазір енді қабылдады, көнді.