«Қашан балалы боласың?» Блогер Razziyuwa-ны дәл осы сұрақпен кім мазалап жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шаңырақ көтергендеріне 2 жылдан асқан блогер жұп Есентай Ниязбаев пен Разия Кузиева өз оқырмандарын отбасылық контентпен қуантып жүр. Десе де, қазнет қолданушылары арасынан «бақыттарың толық болуға бала жетіспейді» деп тиісетіндері көп көрінеді.

Жас отбасы болғаннан кейін көбіне оқырмандардың сұрайтыны ол қашан ата-ана боласыздар деп. Сіздері жиі мазалай ма? Razziyuwa, блогер:

Жиі мазалайды, ол классика сияқты ғой бізде. Мен қазір ол сұрақтарға үйреніп қалдым өзім.

Қалай жауап бересіз?

Әлі дайын емеспіз деп жауап беремін. Әлі өміріміз алда. Сондықтан барлығы сәтімен..

Ең қызығы, кезінде тұрмысқа тезірек шық деп асықтырған Razziyuwa -ның анасы, керісінше бала тақырыбында түсіністік танытатын көрінеді. Блогер келін «қос анамның тарапынан еш қыспақ жоқ»,- деп ағынан жарылды.

Немере деп мазалап жатқан жоқ па?

Жоқ, менің анам да, енем де, жақындарым ондай сұрақ қоймайды екен. Қуанышқа орай дей ма?

Есентай болса, бұл сұрақтардан келіншегінің көңілі түскенде барынша қолдау білдіруге тырысады.

Есенттай Ниязбаев, Razziyuwa-ның күйеуі:

Қуанту үшін қымбат сыйлық керек емес, ең басты ниет болса болды ғой. Иә, әйелім алдындағы ниетім таза, оны жақсы көремін күнде айтамын, сол жетіп жатыр.

Жақындарын қолдауды ұмытпайтын Гүлзира Айдарбекова «бұл бізге де таныс жәйт» дейді. Продюсер бүгінде кенже ұлы Заңғар мен келіні Индира үшін сары уайымдайды. Бала тақырыбы Айдарбековтер отбасында талқыланбаса да, қалың көрермен қызығушылық танытуын тоқтатпақ емес.

Сондай уақытта кішкене көңіліңізге кірбің келе ме, неге осылай сұрай береді екен жастардан деп?

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

Сол жаман екен, адамдар солай айтқан сайын, сол нәрсе болмайды да... Әйтпесе келін болып түскеніне 1 жыл енді болады ғой. Адам 1-2 жыл етек-жеңін жинап, жұмыстарын реттеп болғаннан кейін де болады ғой. Бірақ барлығы жазады.

Ондай уақытта Индираға не деп айтасыз? «Көңіліңе алма» дейсіз ба, жоқ әлде?

Ол менен асып түседі. Өзіміздің Шымкенттің қызы ғой. Қайта маған ақыл үйретеді «мама қайтесіз» деп.

 

«Тату шаңырағымыздың бөтен біреудің сөзі үшін бұзылғанын қаламаймын» деген ана балаларының сәби тақырыбында өзара түсінісе алатынына дән риза.

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

Ең бастысы ұрысқандарын көрген жоқпын әлі. Екеуі үнемі бір-біріне күліп сөйлейді. Мен соған қуанамын.

Рақмет көп.Татулықтарыңыз осылай бұзылмасын!