Жаңа жыл өнер адамдар көбіне жұмыста атап өтеді. Десе де биыл мейрамды отбасымен тойлайтын жұлдыздар да жетерлік. Мәселен Баян мен Түрсен Алагөзовтер мерекені қаладағы қарбаластан жырақта өткізуді ұйғарған. Ал 2025-жылды елде қарсы алуды жөн көрген жұлдыздардың демалысы қалай өтті?
Дәурен Серғазин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Биылғы демалысты жылдағыдай өзіміздің отбасымызбен, жақындарымызбен қарсы алдым. Жылда негізі ауылда өткізуші едім. Осы жолы ауылға бара алмадым, Астанада өткіздім.
Жеңісхан Момышев, режиссер, әнші:
– Шетелде қарсы алғанмын, Индияда қарсы алғанмын бойдақ кезімде. Қазір 2жыл бойы семьяммен. Жаңа жылға бірнеше сағат қалғанда дәстүр мейрамханаға барамыз.
Тамирис Жанғазинова, актриса:
– Отбасылық мереке болғандықтан отбасыммен өткіздім. Өте тыныш өтті. Бірден кейін біз ұйықтадық.
Бүркіт пен Аиша да әріптестері сияқты жаңа жылды елде қарсы алғанымен, көп ұзамай балаларын алып шетелге аттанды. Жұлдызды жұптың Үнді елінен басталған трипі қазір Балиде жалғасып жатыр. Индонезияның аралында жүрген жалғыз Жансейітовтер емес. Фариза Ескермес, Жазира Еркін пен Балжан Бидаш та 25-жылдың алғашқы демалысына осы елді таңдаған. Ал Тамирис Жанғазинова болса Сингапур, Жапония мен Бразилияға баруды армандаймын дейді.
Тамирис Жанғазинова, актриса:
– Не себепті бұл мемлекеттер? Нені көргіңіз келеді бұл жақтан?
Жалпы, жақын достарым бар ол мемлекеттерде, өзім ешқашан болмағанмын.Мүмкін, табиғатын көру үшін, достармен кезігу үшін. Өзім өнерді жақсы көргеннен кейін жаңа нәрселерді көруге тырысамын.
Шәріп Серік, актер:
– Жалпы, демалысқа қайда барасыз,қандай мемлекеттерге барасыз? Сол туралы айтып беріңізші.
– 17 мемлекетте болғанмын.Енді былай қарағанда пляжный отдых дейді ғой,Тайланд өте маған жақын, өте ұнайтын.
– Түсінікті. Ал енді жалпы, ең көп саяхатқа қанша қаржы жұмсадыңыз? Және қай елге?
– Ең көп – Америка. Америкаға біраз ақша кетті. Соңғы рет Америкаға барған кезде, ол деген біздің чемпион Геннадий Головкинның бойына барғанбыз. Қателеспесем, 15 мың доллар кеткен сияқты.
Актер Жан Байжанбаев та Тайландтағы демалысын ерекше атап өтті. Айтуынша өзі болған 30 елдің ішінде ең есте қаларлық демалыс сыйлағаны дәл осы экзотикалық мемлекет екен.
Жан Байжанбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Менің жұмысымның өзі демалыс қой. Себебі көбіне шетелге түсіріліммен барамын. Бірақ отбасыммен де саяхаттаймыз. Мәселен, біраз уақыт Парижде тұрдық. Демалыс кезінде қымбат қонақүйлерде де орташа сападағы демалыс орындарында да болғанмын.
Түсірілімнің арқасында шетел асып, тынығып қайтатын жұлдыздар аз емес. Мәселен қазір Шерхан Пірназар, Әбілмансұр Серіков, Құралай Анарбекова бастаған біраз селебрити жаңа толықметрдің түсірілімімен Камбоджада. Бір оқпен екі қоянды атқан жұлдыздарға сәттілік тілейміз.