Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek Ерлан Көкеевтің пәтернигіне келдік. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған қарапайым-лайф форматтағы кештің алғашқы қонағы Медеу Арынбаев. Ендеше музыка индустриясына еңбегі сіңген мэтрлер мен нағыз жанкүйерлер бас қосатын ортаның вайбын бірге сезінейік
Үйдегідей атмосфера. Жанды дауыстағы әндер. Шынайылық. Музыкант пен тыңдарманның бүкпесіз әңгімесі. Бұл Көкеев ұйымдастырған пәтерниктің басты ерекшелігі.
Ерлан Көкеев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Ең жаңа, осындай керемет жоба істедім. Ол «Пәтерник» деген. Орысша айтқанда квартирник. Модный нәрсе бүкіл әлемде. Ең бірінші Қазақстанда мен істедім.
Кештің алғашқы қонағы Медеу Арынбаев әңгімесін ән өнерінің алатауы Ермек Серкебаевты еске алумен бастады. Елге сіңірген еңбегін тілге тиек еткен соң «Гүл Алматым» әнімен шымылдықты ашты.
Көкеев екеуі жастық шақтағы достықтарын, «АБК»-ның дәуірі өрлеп тұрған кезеңдерді еске алды. Содан соң «Тамшылар» әнін жиылған жұртшылықпен бірге қосыла шырқады. Ал біз топқа қатысты көптің көкейіндегі сауалды жолдадық.
Медеу Арынбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– «АБК» тобы әлі де халықтың жүрегінде. Сол кездерді еске алып, үшеуіңіз бастарыңызды қосып, коллаб жасау жоспарда бар ма?
– «АБК» тобындағы музыкалық жағынан, репертуар жағынан, өңдеу жағынан үлесімді қосқанмын. Ал бұндай актуалды жауаптарға Қыдырәлі Болман жауап берер.
Арынбаев бұл кеште кеңінен көсілді. Бір сәтте марқұм жарына арнаған «Ардағым да сен» әні жайлы айтып, сүйгеніне деген сағынышынан туған әуенге кезек берді.
Алдымен гитарамен, содан соң фортепианоның сүйемелдеуімен шырқаған Арынбаев төрде тұрған ұлттық аспабымызды да елеусіз қалдырмады. Осылайша бір кездері Азия дауысында айтқан Үкілі Ыбырайдың «Гәккуін» қайта жырлады.
Ерлан Көкеев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
– Пәтерниктің келесі қонағы кім болмақ?
– Келесі қонақ Жанна Орынбасарова, Айжан Нұрмағамбетова, Нұрлан Абдуллин бәрін шақырамын Дильназ Ахмадиева, Бейбіт Қорған, Беркут пен Айша.
Көкеевтің пәтернигіне жиналған жұртшылық Арынбаевтың репертуарындағы әндерге сусындап, ерекше тынығып қайтты. Кеш соңында алдағы жылға қатысты жоспарын да сұрадық.
Медеу Арынбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Жас әншілермен дуэт айту жоспар бар ма?
– Мен сол әншілермен айтқым-ақ бар, Олардың менімен ән айтуға құлқылары бар ма екен. Солардан сұрау керек. Жас әншілерге ән бергім кеп Аттарын атамаймын, бірақ , бір-екі әншіні іздедім.Бірақ оларға идея айту, ой тастау екінің қолынан келмейді екен.
– Kalifarniya-ға ұсыны айттыңыз ба?
- Kalifarniya-ға ұсыныс айтып едім. «Алматы» деген ән. Өзім айтып қойдым. Kalifarniya- бауырыма, балама, кейін берермін.
– Әзірге байланыса алмадыңыз
– Байланыса алмай жатырмын. Біз оларға намек тастап қоямын. Бірақ олар шықпайды. Шықпаған соң аса құлқы жоқ деп ойлайсың да қоясың, енді қайтемін.
Өкпесі орынды-ақ! Жас әншілер өнердегі ағаларының тілек-қалауларына құлақ салып, болашақта жақсы коллабтар жарыққа шығады деп сенейік.