Дәл осы трек үшін екі бірдей: гауһар және платина дисктеріне ие болған АDAM, бағалы пластинканы көрсету үшін REVUE NEWS ұжынын арнайы пәтеріне қонаққа шақырды. Айтуынша, аталмыш дисктер «Zhurek» әні мен ремиксіне тыңдалымы мен жүктелуі 100 миллионнан асқаны үшін табысталған.
ADAM, музыкант:
– Негізі гауһар деген мысалы платина 10 рет платина болса 1 гауһар беріледі.
– Қазақстандағы бриллиантовый дискке ие болған алғашқы орындаушысыз. Жалпы күттіңіз ба ол нәрсені?
- Білмедім алғашқысымын ба, бірақ күттік иә. Өте қуаныштымыз, біртүрлі сезім оны жеткізе алмаймын.
Қос бағалы дискті Фаррухқа өзі өнер көрсететін «ТURAN MEDIA» лейблі табыстады. Гауһар пластинка құны- 5 келі алтынмен пара-пар.
ADAM, музыкант:
– Ойладық Қазақстанда тыңдалады деп, көрші елдер тыңдайды деп. Бірақ 62 мемлекетке кіреді деген ой болған жоқ.
«Жүрек» синглына қызығушылық танытқандардың арасында итальяндық әнші де бар. Фаррух таяуда Италияда өтетін фестте жергілікті өнерпаз Джузе́ппе Кристиа́но Мальджо́льомен бірге қазақ-италиян тілінде фит жасамақ!
ADAM, музыкант:
– Соған бізді қонақ ретінде шақырып, бізбен бірге айтсаңыздар әдемі болатын еді деп ұсынып жатыр.
ЗКТ: Бұған дейін Америка, Еуропа елдерінде бірнеше рет турмен барған Адам, шетелдік тыңдарманның қазақ тіліне қызығушылығын оятқанына дән риза.
ADAM, музыкант:
– Әрине акцент бар, бірақ сонда да қуанасың қазақ тілін айтып отқанына, жаттап жатқанына. Бізге сұрақ қояды «қай жерден қазақ тілін жаттап алса болады, алфавитін қай жерден көшірсе болады?» деп.
«Еңбекті елеп бағалы дискпен ақшалай сыйлық та жасадық» деген Адамның продюсері, Фаррухтың жақсы табыс табатынын айтып қалды.
Аббас Тұранов, ADAM-ның продюсері:
Хит деген бар и мегахит деген бар. Егер Адамның допустим өлеңін мен мегахит деп айта аламын. ТМД бойынша ең көп клип түсірілген бағанағы звуктың астына ол бірінші орында біздің Адамның «Zhurek» әні, сосын Андро, The Limba “X.O” деген өлең бар.
Ең қызығы, Адамның ән қоржынында өзге өнерпаздармен ешқандай дуэт, коллаборациялар жоқтың қасы. Бұл олқылықтың алдын аламын деген Фаррух, биылғы жыл фит пен жеке кеш жылы болады деп уәде етті.
ADAM, музыкант:
– Аренаға қашан концерт қоясыз? Күтіп жүргендер бар шығар,
– Биыл соған аттанайын деп жатырмыз енді, бұйырса өзіміздің сольный концертымызды қойып,тыңдармандарымды жинап, осындай жоспарлар құрып жатырмыз. Жеке кеште бәлкім 1 ақ дуэт болады.
Дуэттердің бірі әнші Мейрамбек Бесбаевпен болуы бек мүмкін. Таяуда Мәдениет қайраткерінің орындауында кең танылған «Алғашқы махаббат» трегін Адам өз нұсқасында орындады.
ADAM, музыкант:
– Әрине, әрине. Ағамызға жаздық, звондадық, көп көрістік, сөйлестік. Одан бөлек ақын-жазушысы бар Марат Омаров ағамыз. Ол қазір Калифорнияда, ол кісімен де сөйлестік. Ол кісінің батасын алдық.
Сөз соңында Фаррух жақында шығатын «Әкешім» атты синглының релизін алғашқы болып Ревю ньюс көрермендеріне таныстыруды ұйғарды. «Жүрегімнен шыққан туынды марқұм әкеме арналады» дейді.
ADAM, музыкант:
«Әкешім» деген ән жазып жатырмын. Әкем кеткелі бері 3 жыл болды. Шабыт келмей жүрді, енді шабытым келіп әнді жазып бітірдік.