Париж-махаббат қаласы. Ал сезіміңді ғашықтар мекенінде дәлелдеу тіпті ғажап. Жақында Эйфель мұнарасы маңында сөз байласқан Асқар Уразбаев пен Ақбота Нұрахын да дәл осындай пікірде.
Ақбота Нұрахын, блогер:
– Ол жақта «Marry me» деп салдырғысы келген ғой. Сөйтіп бұл кісіні лақтырып кетіпті. Ақшасын төлеп қойған. Біз келсек, ешкім жоқ. Содан Асқар импровизация жасап, сурет салып отыратын ағаны шақырды. Фотографымыз келді, мұнара жанғанда сөз салды.
Асқар Уразбаевтың өзі мұндай маңызды қадам кімді болса да, ерекше сезімге бөлейтінін айтады. Жайдарманшы бойдақ өмірге қимастық жоқ дейді.
Асқар Уразбаев, блогер
– Қанша дайындалсаңыз да, жоспарласаңыз да, бәрібір сол сәтте ерекше сезім болады ғой. Сол жайлы айтып беріңізші?
– Сезесің ғой сол кезде. Жүзікті ашқан кезде басқаша болып кетесің. Артқа жол жоқ. Жүзікті жабайын десең, жабылмайды ол бәрібір. Ашылып қойғаннан кейін қолына салып жіберу керек болады. Жауапкершілікті сезінесің.
Асқардың Ақботаға ұсыныс білдірген видеосы көпшіліктің назарын бірден аударды. Париж, Эйфель десек те, желі оқырмандарын қалыңдықтың көйлегі қатты қызықтырған сыңайлы.
Ақбота Нұрахын, блогер:
– Ақбота, сіз әлеуметтік желіге видео жүктегенде көп желі оқырмандары сіздің киіміңізге қатысты сын-пікірлер айтты. Оған қалай жауап бересіз?
– Мен жынданғанмын. «Сен неге басқа идея таппайсың? Неге мені отырғызасың?» дедім. Отырғаным үшін жыртылып қалды. Сурет салатын ата отыр-отыр деп, отырсам «бырт» деді. Қолмен жауып тұрдым. Сөз салғаннан кейін эйфориямен ұмытып кеткенмін. Одан кейін тиктокқа Бота Миа десем, «Бота Миа Париж жыртылған көйлек» дейді ғой.
Ғашықтар үшін романтикалық қаладағы қызық мұнымен таусылмаған. Видео сәтсіз шығып, Ақботаның айтуымен тағы бір мәрте таспаланған.
Асқар Уразбаев, блогер
– Екінші рет халық үшін жасадық. Бірақ бірінші видео жақсы болды.
Төрт жылдан кейін үлкен өмірге қадам басуға шешім қабылдаған жұп той жасауға асықпайды. Оған екі жақтың ата-анасы себеп болған көрінеді.
Ақбота Нұрахын, блогер
– Тойды қашанға жоспарладыңыздар?
– Тойды біз негізі көктемге жоспарлағанбыз. Аналарымыз да мамырда болмайды, қаңтарда болмайды деді. Сол жаз айларында шығар. Бір айда бәрін өткізіп жібереміз деп отырмыз.
Асқар Уразбаев, блогер
– Енді үйдегілерге қарсы шыға алмайсың ғой, не дегенмен үлкендер. Солардың тәрбиесімен өскеннен кейін жарайды деп, ортақ шешіммен жазға қойдық.
Айта кетейік қалыңдық атанған Ақбота Нұрахын «Бір болайық» жобасының экс қатысушысы. Ал көрермен көзайымына айналған бағдарлама жаңа маусымда НТК арнасында көрерменге «Сезім бағы» атауымен қайта жол тартқан болатын!
Ақбота Нұрахын, блогер
– Әркім өзінің бақытын тапсын. Эфирде болсын, қалай бұйырады, солай ғой. Мен эфирде отырғанда Асқарды сериалдан таптым. Сіздерге бақыт тілеймін.
Revue news ұжымы Асқар Уразбаев пен Ақбота Нұрахынның тойын асыға күтеді! Сезімге адал, сенімге берік болған жастарға біз тек бақыт тілейміз!