Көпшілікке «Meow» телехикаясы арқылы танылған Ілияс Көпжасаровтың түрік актрисасын алдап кеткені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar:

 

Түркия мен Қазақстанда таспаланған «Жаным Қазақстан» картинасы еліміздің туризм саласын дамытуды насихаттайды. Фильм авторлары еліміздің ең әсем жерлерін көрсеткіміз келді дейді.

Жасұлан Сейсенханов, кинопродюсер:

Жақында Турцияда көрсеттік. Осы фильмді ағылшын тіліне аударып дүниеде көрсету жоспарымыз бар.

Фильм Қазақстанға арнайы келген Түркиялық Асие сұлудың оқиғасынан басталады. Ол АҚШ-тың Аризона штатындағы Үлкен каньонның орнына Шарын шатқалын таспаламақшы болады. Ілияс Көпжасаров: «фильм арқылы біраз жерге саяхат жасадым», дейді.

Ілияс Көпжасаров, актер:

Алматыда и Ақтауда, Астанада в общем Алматы облысында түсірілді. Каппадокияға барамыз деп бірақ именно менің сахналарымды вырезали.

Өзіңіз ол жерлерге алдын барып па едіңіз?

Алғашқы рет бардым. Осы сьемка кезінде алғаш рет бардым. Қатты қуанышты болдым өйткені барғым келген, бірақ андай уақыт болмайды Бозжыраға Ақтауға баратын жұмыс та болған жоқ.

Фильмде Шарын, Бозжыра шатқалдары, Алтын Емелдегі «Айқай құм», Қорғалжын қорығы мен Көлсай көрсетілген. Картинаны тамашалаған актриса Бибігүл Ақтан Қазақстанға деген махаббатым қайта оянғандай болды дейді. Оған себеп:

Бибігүл Ақтан, актриса:

Фильм мұндай керемет болады деп ойламадым. Өзім 4 жылдан бері шетелде тұрамын.Лентадағы таңғажайып табиғаттың барлығы өзге емес, өз отанымның ғажайып жерлерін көргенде кеудемді мақтаныш кернеді!

Романтикалық драманың желісі- түрік қызы арқылы жақсы табыс табуды ойлаған Ілияс, өзін тур компания өкілі ретінде таныстырып, аруды алдап соғады. Көпжасаров өмірде де кейіпкеріме ұқсастығым бар деп таңқалдырды.

Ілияс Көпжасаров, актер:

Менің ойымша кез-келген адам да өтірік айтады ғой. Ондай да болды. Болды енді сәйкестік.

Кейіпкеріңіз қаншалықты ұқсас сізге?

50 пайыз болсын.

Өтірік айтатын жағы, сосын?

Жауапкершіліктің қажет кезде болмай қалатыны, ондай-ондай болып тұрады енді.

Фильмде түрік кейіпкерлерін Бакудан келген актрисалар - Айдан Хасанова мен Әзірбайжанның еңбек сіңірген артисі Сенубер Изгендерли сомдайды.

Санубар ханым өзіңізді таныстырып өтсеңіз, фильмге қалай келдіңіз?

Senuber Isgenderli, актриса, (Әзербайжан)

Қазақстанға бұл алғаш келуім және қазақ киногерлерімен жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Фильмге продюсер Жасұлан шақырды,бірақ мені қалай тапқанын әлі күнге дейін айтпай жүр. Халықаралық жобаларда Түркия, Ресей елдерімен жұмыстарым бар еді, енді қатарына Қазақстан қосылғанына өте қуаныштымын.

 

Фильмнің әнін жазу күллі ТМД-ға «Шоколад», «Люблю тебя за чистую душу» тректерімен танылған Кенжебек Нұрдолдайға бұйырған. Бұл оның дебюттық жұмысы.

Бүгін сіз өзіңізді композитор дебютант ретінде таныстырып жатырсыз

Кенжебек Нұрдолдай, әнші, композитор:

Киноматографический музыка жазуды өте қатты жақсы көремін да. Бірақ кішкене шығаруға ұяламын, өйткені халық көбінесе андай жылататын әндерді жақсы көреді ғой, менің әндерімнің стилі көбіне лирика, драма. Дархан мырза айтты: «Сен кино келсеңші», деп, сонымен бұл саланы да бастап кеттік.