ТМД-ға танымал хитмендер, арнайы дайындалған ғашықтар кемесі, ең қымбат мейрамхана. Бұл Zheka Fatbelly-дың дүркіреп өткен тойының вайбы.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған тойдың құны да жоғары болса керек. Блогер қарызын бір жарым жыл бойы өтей алмаған.
Zheka Fatbelly, блогер:
–Тойды көрдіңіздер ғой, біраз ақша кетті. Cол кезде ақшам жоқ болып тұрды да, сөйтіп қарызға кірдім, жабылды бәрі, бірақ кредитқа алмадым да мен. Адамдардан былай-былай алып тойды жасадым үйтіп-бүйтіп әйтеуір. 1 жыл 2-3 айдың, 1 жарым жылдың ішінде жаптым ғой жалпы. достарым кеп сыйлықтарын беріп кетті ғой, бір тойдың бір 40%, 50% жаптық қой сомен.
Той жасаймын деп қарызға белшесінен батқан блогер өкінішін жасырмады.
Zheka Fatbelly, блогер:
– Уақытта артқа айналдырсам өйтіп өткізбейтін едім. Не болмаса өйтіп өткізетін болсам, бір ішінде мағынасы болатындай ғып істейтін едім бар ғой, андай бір ақшасы ақталатындай. Өйткені мен түбегейлі ойым махаббат, отбасы туралы бір ой жеткізгім келіп соңында көп сөйледім, жүрекжарды лебізімді айттым, анам туралы айттым, жарым туралы айттым. ол жетуі керек еді, жетпей қалды…
Тойдан кейін біраз уақыт өтсе де Жеңіс әлі күнге дейін келіншегін көрсетпеді. Тіпті желіге жүктеген суреттерінде сүйіктісінің бетін жауып әлек. Көз тиеді де қорыққаны ма, әлде қызғаныштың әсері ме сұрап көрдік.
Zheka Fatbelly, блогер:
– Мен блогер бол деп жүргеніме қанша жыл болды. Ал менің әйелі интроверт дей ма, сондай да андай танымайтын адаммен сөйлеспейдң сол қиын да. Сол үшін ол мысалға айтты «мені танымай-ақ қойсыншы ешкім, бетімді жауып жүрші, мүлдем салмай-ақ қойшы мені инстаграмға» деп айтты. Менде бетіңе гүл қойып, бетке гүл қоятындарға астарлы әзіл ретінде болды ғой.
Аузы күйген Жеңістің замандастарына айтары бар. «Үндеуіме құлап асып, мен жасаған қателікке бой алдырмаңдар»,- дейді блогер.
Zheka Fatbelly, блогер:
– Ал егерде сіздер кредитқа кіріп жасайтын болсаңыздар, жасамаңыздар олай тойды. Қажеті жоқ, егер де үйдегілер жасау керек десе де, соңына дейін тұрыңыздар, одан да ақшаны басқа бір нәрсеге жұмсаңыздар.
Салтанатты кешке қанша қаржы жұмасаңыз да өз еркеңіз. Бірақ қазақтың көрпеңе қарай көсіл дегенін еске саламыз, көрерме