Қазына Әбдіғапбар, @kazyna_abdigapbar
Ақан Сатаев өзін алғаш рет хоррор жанрында сынап көрді. Режиссердің «Әнел» картинасы басты кейіпкерлер Азамат Сатыбалды мен Зарина Карменді шындап қорқытқан сыңайлы. Актерлерді күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған не жағдай? Премьерадамыз.
– Сізге де бірінші дебют болып тұр ғой бұл жанр?
Ақан Сатаев, кинорежиссер, сценарист:
– Иә, шынымен қазір міне, бірінші көрермендер шығып жатыр тұсаукесер көрсетілімнен, көңілден шықты.. Мен негізінде жастық шағымнан бұл жанрды өте ұнатамын. Мен «Рэкетир», «Ағайынды» деген сериалдан кейін үшінші жобам осы «Заблудивщиеся» болатын. Ол да осы хоррорға жақын триллер. Бірақ ішінде жаңағы хоррордың элементтері бар.
Сюжет желісі бойынша ерлі-зайыпты Мәди мен Лаураның қыздары Әнел 12 жас туған күнін тойлайды. Алайда отбасылық қуаныш соңы түсініксіз жайттармен аяқталады. Лаура қызы Әнелдің бойынан қорқынышты әрекеттерді байқай бастайды. Басты рөлде – Зарина Кармен, ал қызын Медина сомдайды. Бұл жас актрисаның толықметрдегі дебюті.
– Бэкстейдждерді көрдік, Заринаның сізге өте айқайлаған, тартып ұрған деген сияқты. Ол кадрлар қалай түсірілді?
Медина, актриса:
– Мені ұрып, дауыс көтерген сахнада еш қиындық болмады. Мен бәріне дайын болдым. Өмірде Зарина өте мейірімді жан. Олардың өз рөлдеріне беріліп ойнауына тамсандым. Болашақта солар сияқты танымал әрі өз ісінің маманы болғым келеді.
– Достарыңыз енді сізден қорқатын шығар, иә? Жоғал деген кезде?
– Достарым осы сахнаны айтып қалжыңдайды. Бірақ мен ренжімеймін, өйткені қазіргі уақытта мектепте мені бәрі Әнел деп таниды. Өзімде Әнел образын ұнатып қалдым.
Фильм локациясы көбіне үйде және түнгі уақытта түсірілгендіктен актерлардың режимі бұзыла бастаған. Азамат Сатыбалды «режиссер барынша қорқынышты атмосфера тудырып, соған бізді сендірді»,- дейді.
Азамат Сатыбалды, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер:
– Бұған дейінгі сұқбатыңызда кішкене қорқынышты моменттер де болды дедіңіз.
– Бір үйдің ішінде түстік күні-түні. Сондай ерекше бір атмосфера болды. Шынайы біз сол оқиғаға сендік. Соған сенгізді, соған тырысты. Актер үшін бізге де қиын болды.
– Хоррор жанрын түсіруіне «Дәстүр» фильмі сеп болған екен, қаншалықты рас?
Ақан Сатаев, кинорежиссер, сценарист:
– Негізінде бұл киноның идеясын 2 жыл бұрын Алмас Малдабаевпен ақылдасып түсіруге бел байлағанбыз да. Содан кейін жаңағы «Дәстүр» шықты. «Дәстүрдің» көрермен көңілінен шыққаны бізге одан сайын біздің ойымызға қуат берді.
Ал мұндай жиындарда жиі төбе көрсете бермейтін Кука, бүгін жабық көрсетілімге арнайы келген. «Дәстүрі» Сатайтегіне ерекше шабыт бергенін естіген ол, картинаның сәтті шыққанын жеткізді.
– Ақан ағаның осы хоррорды түсіруіне бірден бір себеп өзіңнің «Дәстүрің» екен.
Қуаныш Бейсек, режиссер, кинопродюсер:
– Мен ойлап тапқан жанр емес. Сол себепті бұл кісілер өздері де түсіргісі кеп жүрген нәрсе шығар ол. Ойбай бізге қарап түсірді деп айта алмаймын. - Біз бірінші түсірген шығармыз, бірақ біз ойлап тапқан нәрсе емес. Ұқсастық негізі көп емес, андай камерный, басқа история, психологический десем болады. Жақсы шыққан.
«Әнел» картинасының «Дәстүрдің» ізімен кассалық рекорд жасай алу-алмасын экран мен уақыт көрсетеді.