Дүрия Қыдырбек, @duriiya_kydyrbek
– Рүстем Жаныаманов - магнит адам. Оқыс жағдайдан соң бойына ерекше қасиет енген актер әрі кинопродюсер енді зұлымдықпен күреспек. Бұл Жаныамановтың тырнақалды туындысының концепциясы. Аталмыш фильм көрермен назарын өзіне магнитше тарта ала ма, бірге білейік.
Актер, ендігі кинопродюсер тұңғыш туындысының тұсауын кесті. 10 жылдан астам уақыт киноиндустрияға еңбегі сіңген өнер иесі алғашқы картинасын демеушілердің көмегімен таспалаған.
– Қаржылай көмек көрсеткен демеуші бар иә? Қарызды қайтарасыз ба? Әлде бұл тек қолдау ма?
– Ең әуелі қолдау ол кісінікі. Менің мақсатым қарызды беру.
Фильм желісі бойынша Бөлекбай есімді электрик найзағайдың салдарынан тартылыс күшіне ие болады. Кейіпкердің магнит адамға айналуы бекер емес. Жаныаманов осылайша өмірдегі қалауын осы фильм арқылы жаппақ болған.
– Үлкен балам кезінде 2 жасында қатты сырқаттанып қалған болатын. Біз 4-5 жыл күрестік әлгі аурумен. Мен сол кезде балама қарап тұрып айтатынмын: «Я, құдай баламның індетін маған бере салшы. Денеме бере салшы» деп тартып алғым келді магнитті қолыммен.
Жаныамановтардың тұңғышы қазір аурудан айыққан. Сырқатты жеңген жігіттің ендігі мақсаты киноиндустрияда танылу.
Нұрмұхаммет Жаныаман, Р. Жаныамановтың ұлы:
– Бірінші түсірмей тұрып офиске барып түсіндіріп, қалай ойнау керегін айтты. Оңай деп ойлап едім, қиын болды.
Бұл туынды Рүстемнің жары – Жанаргүл Жаныаманованы көрерменге жаңа ампулада танытпақ. Антогонисттің рөлін сомдайтын актрисаның образы да ерекше әрі эпатажды.
Жанаргүл Жаныаманова, театр және кино актрисасы:
– Менің потенциалымды ашпаған деп айтқанмын осыған дейін. Бір ампулада көріп үйреніп қалған. Кім-кім Рүстем жақсы біледі потенциалымды. Сондықтан сеніп шақырды.
Фильмде Қазақстандық Киану Ривз бой көрсетті. Сыр-сымбаты шетелдік актерге ұқсаған соң, продюсер жүк көлік жүргізушісін кәсіби актер болмаса да арнайы шақырған. Кейіпкер есімі де кездейсоқ таңдалмаған. Ривзтің танымалдығын арттырған Джони Уик рөлі болса, отандасымыз Альбертті көрерменге танытқан Джони Бек образы.
Альберт Масуатов, актер, модель:
– Менің инстаграм парақшама Рүстем Жаныамановтың өзі жазды. Әрине мен бастапқыда таңғалдым. Бірақ көшеде Ривзке ұқсатып, суретке түсетіндер аз емес. Тіпті балаларым да ол түскен фильмдерді көріп отырсақ «әкемді теледидардан көрсетіп жатыр», - деп шатасатын. Енді шынымен фильмдемін.
– Экшн кадрлар өте көп. Рүстем аға төбеслес сахналарды өзі орындапты, жарақат алып қалмады ма?
Жанаргүл Жаныаманова, театр және кино актрисасы:
– Аяғы сынды. Қолы сынды ғой деймін.
Дариға Бадықова, актриса, кинопродюсер:
– Фильм ұнады ма? Қандай баға бересіз?
Фильм көңілімнен шықты, күшті фильм. Бөлек жанр. *+00:40 Рүстем терең –адам ғой. Өнерге деген көзқарасы, шынайылығы бөлек адам ше.
Олжас Абай, актер, кинопродюсер:
– Мен негізі кино қандай болса да жақсы баға беремін деп кіргем. *00:32 Бірақ киноны көргеннен кейін риза болдым: Мынау деген еңбек. Көптеген Локация. Үлкен еңбек.
Тылсым күштің иесі атанған Бөлекбайдың өмірі бір демде өзгереді. Енді магнит адам өз қабілетін қараңғы мақсаттарда қолдана ма? Әлде отаны мен отбасы үшін күресуді таңдай ма? Жауабы үлкен экранда.