Қазақстандық музыка туралы алғашқы энциклопедия жарық көрді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«91.23» — отандық музыканың 1991 жылдан бүгінге дейінгі кезеңін қамтитын зерттеу жұмысы. Авторлар керекті нәтижеге қол жеткізу үшін 2 жылдан астам уақыт еңбек еткен. Олардың тізімінде REVUE NEWS ұжымының тілшілері де бар

Қуаныш Жұбандық, кітап редакторы:

Жалпы кітап 5 бөлімге бөлінген. Біріншісі рок музыка, екіншісі коллективтер, топтар туралы. Үшінші, төртінші бөлім жеке орындаушылар мен хип-хоп бағытына арналды. Қорытынды тәуелсіз сахна жайында.

 

Туындының атауы бірден таңдалмаған. Авторлар бастапқыда кітап мұқабасына әндердегі танымал сөздерді жазбақ болған. Бірақ жылнамаға сүйене келе 91.23 деп атауды ұйғарған. Айтпақшы, энциклопедия Батырхан Шөкенов атындағы қордың бастауымен оқырманға ұсынылды.

Бауыржан Шөкенов, «Батырхан Шөкенов атындағы қор» кеңесінің басшысы:

Келешекте қалай болады екен. Мүмкін деректі фильм жасауға болатын шығар... 30 жылдың ішінде осындай музыканттар болып еді деген естелікке айналар.

Кітапты құрастыру барысында авторлар Мақпал Жүнісова, Жеңіс Сейдоллаұлы, Жанар Дұғалова сияқты өнердегі бірнеше буын өкілдерінен сұхбат алып, естеліктерін қағаз бетіне түсірген.

Әділ Айжарық, құрастырушы автор:

Ұлықпан Жолдасов туралы ақпарат жинау өте қызық болды. Себебі мен кітап жазу барысында өнер иесінің өзіндік жеке артист ретінде ғана емес, оның «Заман», «Каспий» топтарына жазған әндерімен Қазақстанның поп музыкасында өзіндік жаңа қазақтың үнін қалыптастырғанын білдім.

 

Тұсаукесерге old school-мен қатар new school өкілдері қатысты. Олар қуаныштары мен таңданыстарын жасырмады.

Hey Monro, әнші:

Ең бірінші ашқан бетім ол Darkhan Juzz туралы. Өте қуаныштымын. Біздің тарихта қалғанымызға, керемет әртістерді кітаптың ішіне қосқанына. Өзіме келсем, өзіммен мақтанамын.

 

 

Moreart, рэпер:

Рэперлерді мойындап, кітап беттеріне шығара бастағандарына таңданып тұрмын. Мен бұл жоба жайлы бұрыннан естігенмін. Кітапта толық бір тарау рэперлерге арналып, бәрін жеке-жеке атаған. Ешкімді ұмытпапты. Керемет!

 

Қазақстандық музыканың деңгейі жыл сайын өсіп, қарқынды дамып келеді. Ал «91.23» энциклопедиясы еліміздің ән мәдениетіндегі қозғалыстарды жинақтаған құнды жәдігерге айналмақ.