Жайдарманның 25 жылдық концертінде қазылық еткен Алдияр Жапарханов командаларды қаншалықты шынайы бағалады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жансая Жолдасова, @zhans.jk

Жайдарман – көңілді тапқырлар өнер көрсететін танымал жастар алаңы. Бүгін қазақша КВН-нің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан үлкен концерттеміз. Үздік командалардың тартысты ойынына бірге куә болайық.00.13

 

Екінші мәрте ойнатылған ақтық сайыс өзінің әсерлі сәттерімен есте қалды. «Топ финал на бис». Аты айтып тұрғандай, чемпиондар қайта өнер көрсетті. Чемпиондар деуім де бекер емес. 2024 жылы Жайдарман нәтижесі бойынша бір емес, бірден 3 құрама үздік деп танылды. Олар бүгінгі кештің жарық жұлдыздары.

«Шапалақ» Талдықорған құрамасы:

Биыл Жайдарман тарихында алғаш рет 3 чемпион болды. Бұл жағдайды қалай қабылдадыңыздар?

Өте жақсы қабылдадық. Өте жақсы қабылдадық. Біз о баста негізі чемпион боламыз деп барған команда емеспіз. Біздің мақсатымыз жақсылықты елге жеткізу және сапалы әзіл айту. Жалпы жайдарманның 25 жылдығына осылай хайырлы келіп тұрған нәрсе болар. Сондықтан өте жақсы қабылдадық

 

Есен Елеукен, «Қазақстан КВН Одағы» президенті:

Бізде енді иммунитет қалыптасты. Әрине ол әңгіме болады. Оны көргендер көпшілігі мойындады. Енді пікір сан алуан. Мен өзім қабылдадым. Үшеуі де лайық. Қазылар алқасы солай шешті. Мен шешкенім жоқ. Егер мен отырып шешетін болсам, мүмкін басқаша нәтиже болар ма еді...

 

Концерттің тағы бір ерекшелігі – Қабдол мен Жандос бір-бірімен бәсекеге түсті. Жайдарманның мерейтойлық концертінде хэдлайнер атағын иеленген бұл дуэт достарымен бірге ойын көрсетті.

Қабдол Тілеков, әзілкеш, әнші:

Бұған дейін досыңызбен қарсылас болып көрген бе едіңіз?

2015 жылдары бірге ойнап, сол кездері қарсылас болып, содан дос болып кеткенбіз. Ал бұл ойын кәдімгі таза екеуміздің жарысымыз болайын деп тұр.

Жандос Самалбеков, әзілкеш, әнші:

Бүгінгі кеште көрерменді қалай таңқалдырасыз?

Ең соңында жалғыз өзім таңқалдырайын деп тұрмын. Сол кезде әдемі біздің жұлдыздарымыз шығады. Аттарын айтпай-ақ қойайын. Сол сахнаға сеніп отырмын.

Әншілікке бет бұрған Qanay да бұл тартысты ойыннан құр қалмай, белсене ат салысты. Ол батллда Қабдолдың командасымен өнер көрсетті.

Qanay, әнші:

- Енді бір-бірімізді түсінеміз ғой, қыр-сырымызды білеміз, жаттап алғанбыз.

Қазылар алқасының құрамынан Динара Сатжан, Әлішер Елікбаев және Алдияр Жапарханов табылды.

Алдияр Жапарханов, Ирина Кайратовна тобының мүшесі, әділқазы:

Бүгін мерейтойлық концерт. Осы 25 жыл аралығында Жайдарман қалай өзгерді деген ойдасыз?

Мен 25 жыл ойнамағанмын енді. Бірақ 2015-те бітіргенмін. 2010, 2009 жылдан бастап ойнағанмын. Әрине қатты дамыған. Енді заманға сай ойын. Бірақ мысалы орысша квнмен салыстыратын болсақ, едәуір алға бастық деп ойлаймын.

 

Барша Жайдарман сүйер қауым келесі маусымды асыға күтетін болады. Құрамалар да сақадай сай.