Коллаб орындаймыз деп уәде беріп, ARShAT-ты алдап кеткен кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

«Әлемде музыка болмаса, адамдар айқайлап сөйлесер еді»! Бұл біз келген өзге бағыттағы, ерекше ырғақтағы кештің тақырыбы. Адамдарға бір-бірін естуге көмектесіп жүрген ARShAT-ты бүгін біз естиміз.

ARShAT, музыкант:

- Бүгінгі кештің атауы негізінде «EMDE»! «Әлемде музыка болмаса, адамдар айқайласып сөйлесер еді», - дегеніміз мысалы жаман энергияны біреуді ұру арқылы немесе жануарлар қинау арқылы емес, оны рок жанры арқылы да ән қылып, мүмкін сол әнді тыңдап, тербеліп энергияны шығару.

Сіз тыңдармандарды өзіңіздің әніңізбен емдейсіз, ал сізді кім емдейді?

Келіншегім, келіншешім ауыртады, келіншегім емдейді.

 

Концерттің эксклюзивті тұсы – жарыққа шықпаған 6 бірдей тректің алғашқы тыңдарманы атандық. Онымен қоса біз сүйетін ARShAT-тың сырттай сүйсінетін әртістерімен дуэтінің тұсауы кесілмек.

Шынымен де Kyle Ruh-ты «Moonlight» тобынан білетінмін. Kalifarniya, яғни Фараның негізінде көбісі біле бермейтін қыры бар. Ел арасында тыңдалатын әндеріне сүйсінбеймін, Фараның альтер-эгосы бар, рэп жанрында шырқайтын тректері бомба.

 

Десе де ARShAT кеште жалғыз болды. Дуэттегі әндерді өзі жалғаз орындауының себебі де бар:

Қалған 3 қонағым келмей қалды, өкінішке орай. Біреуі телевизиялық шоуға қатысып жатыр, екіншісі концертке кетіп қалды. Ал бір кісі Алматыда бола тұра келмей қалды. Енді осы жағдайдан кейін ол кісімен фит болмайды.

Реніш бар ма ол адамға?

Бар.

Бір қызығы сіздің делдлайнға бағынбайтыныңызды білеміз? Келесі жылы жаңа әндерді тыңдарман ести ала ма?

О, әдемі ұстадыңыз... 2025-те тыңдалынады.

2024-ті қорытындылайықшы, өкпеңіз бар ма, әлде ризасыз ба бұл жылға?

Ренжідім де, риза болды да. Алматыға көштім, иығымды сындырдым, қызды болдым.

Ал алдағы қандай үмтіңіз бар?

Үй алғым келеді.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Таңқалдық, тамсандық, таңғажайып күйге бөлендік. Ондай эмоцияның спектріне бізді ұшыратқан ARShAT дайындаған репертуар. Әрқашан жаңа, тың дүние сыйлайтын музыкантқа таудай шабыт тілейміз!