Алаш туын байрақ еткен серілер 15 жылдық концертін қалай өткізді? Ұжым продюсері - Назгүл Қарабалина топтың таптауырында болмауын қалайды!

Сообщить о проблеме с эфиром

2009 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының қабырғасында қазақи дәстүрді ұлықтап, жалынды тұрған жастардан құралған топқа биыл 15 жыл! Алашұлы ұжымы мерейтойын спектакль-концерт форматында жасауды жөн көрген. Алғаш рет қыркүйекте көпшілікке ұсынылған кеш, араға 2 ай салып көрерменнің сұранысымен қайта сахналанды. Тағы да аншлаг!

 

Мақсат Рахмет, «Алашұлы» тобының мүшесі:

Сахна алдында әдеттегідей жүрек ауыздан шығайын деп толқып тұрған жайымыз бар. Сахнаның жеңілдігін беріп, Құдай қаласа халыққа, елге пайдалы, елдің рухын, еңсесін көтеретін жақсы кеш беруге барымызды саламыз бұйырса.

Кештің негізгі концепциясы бойынша жігіттер оқушы балаға еліміздің тарихынан сыр шертеді. Оқиға легі патриоттық сезім ұялатып, нағыз рух сыйлады

баламен

Ерзат Рамазанов, «Алашұлы» тобының мүшесі:

Бұл аты аталғандай спектакль-концерт. Мұндағы ерекшелік келесі тыңдайтын әндеріңіз деген сөздер болмайды, айқай-шу, қошеметтеріңіз деген сөздер болмайды. Жалпы қазақ тарихының осы біздің тәуелсіздікке дейінгі кішігірім тарихына шолу жасайтын кеш болады.

 

Жобаның іске асуына 100-ге жуық қызметкер еңбек еткен. Олардың қатарында каскадерлер мен ансамбльдер, сонымен қатар еліміздің бірнеше театрының артистері бар. Кеш тарихи дерекке сүйене отыра дайындалған. Ал тазы иттер мен қыран бүркіттер сахнаны жандырып жіберді.

Мақсат Рахмет, «Алашұлы» тобының мүшесі:

Осы биылғы жылдың ортасында біздің продюсеріміз – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Назгүл Әдиетқызы Қарабалина әпкемізбен сұхбаттаса отырып, осы идеяны айтып, оны толықтырып Ол кісімен бірге жоспарлап жүргенімізге, толғатып жүргенімізге бір жылдай болып қалды.

«Алашұлы» шоу-бизнеске алшаңдап тұрып қадам басып, шығармашылықтарын қарқынды дамытып келеді. Концертте Дәстүрлі ән өнерінің өкілдері де бой көрсетті.

 

Ғибрат Жұмағұлов, «Алатау серілері» тобының мүшесі:

Көзбен көргенге жетпейді ғой ешнәрсе, соны көзбен көріп, бір рухани кеште өзіміз бір рухтанып кетейін деп келіп отырмыз бүгін.

 

Қуаныш Алтыбаев, «Алатау серілері» тобының мүшесі:

Өзі азбыз. Сол үшін біз тек қана бір-бірімізді қолдау керекпіз, қолдау деген осындайда болады. Тек қана сәттілік, тек қана бомба күтеміз Макстан, Ерзаттан, Беріктен. Алға.

 

Сері жігіттер эстрада мене театр өнерінің симбиозын көрсетті. Спектакль-концерт стилистикасымен ерекше, құрылымы жағынан өзгеше болды. Концертте Алаш зиялыларын жас талантты актерлер сомдап шықты. Оның бірі:

Қасым Демеу, актер:

Мен бұл жерде Алаш қайраткері, Әлімхан Ермековтың образындамын. Ол кісі туралы бүкіл қазақ біледі. Бұл топ қазаққа керек рухын көтеруге, қазіргі жастарға, бізге керек!