Отандық жұлдыздардың бала тәрбиесіндегі ұстанымдары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Толассыз түсірілімдер мен гастрольдік сапарлардан қолдары босамайтын өнер өкілдері, балаларына уақыт таба ма? Отбасылық форум ұйымдастырып жүрген Айнұр Ілиясова болса, дәл осы мәселеге келгенде қиналатынын жасырмайды.

Айнұр Ілясова, актриса:

- Айтыңызшы, осы өнерде жүрген адамдарына шығармашылықпен бала тәрбиесін теңдей қалай ұстауға болады?

- Мысалы үшін, менде лайфхак бар иә, әрине мен күні бойы бос болмаймын. Анда мында жүгіріс, бірақ балаға қарамай қою, я болмаса балаға мүлдем ойнамау – ондай жоқ. Бір 20 минут күніне балаңа бөлсең, сол күні бойы сен онымен уақыт өткізгенмен тең дейді.

Айнұр Ілиясова тығыз кестесіне қарамастан, ханшайымдарына уақыт табуға тырысады. Ал Бүркіт бала тәрбиесіне келгенде аса мұқият болу керек деп отыр. Әнші тіпті, бүлдіршіндерін қасынан бір елі тастамайды екен.

Бүркіт, әнші:

- Жұлдызды әке ретінде айтыңызшы, өз балаларыңызға қаншалықты көңіл бөлесіз?

- Енді әрқашан да гастрольдік сапарларда жүрген кезде, балдарды тастап кетеміз, ал басқа уақытта біз үйдеміз немесе бір жаққа шығамыз. Әйелім енді паркке барады, мен олармен дүкенге барып келем немесе шетелге шығып келем, біз көлге шомылып келеміз. Мен мысалыға спорт залға баратын болсам, спорт залға да алып кетемін екі баламды да.

Арман Юсупов жас болса да, бала тәрбисіне ерекше мән береді. Жуырда екінші мәрте әке атанатын блогер, балақайларға бөлінген уақытты пайдалы жұмсау керектігін айтады.

Арман Юсупов, блогер:

- Біз білеміз, сіз енді жас әкесіз, инстаграмдада көріп жатамыз. Ал жұлдызды әке ретінде айтыңызшы бала тәрбиесіне көңілді қалай бөлесіз?

- Мәселен, сіз үйде күні бойы балаңызбен отырып, жұмыс жайлы ойласаңыз одан ешқандай пайда болмайды. Сондықтан, бастысы балаға көбірек көңіл бөлу.

Ғаламтор жұлдызы Дана Есеева, баланың ығына жығылып, дегеніне көнсеңіз – ұтыласыз деген пікірде. «Бірақ «болмайды» деп мүлде тыйып тастау да дұрыс емес», - дейді көпбалалы ана.

Дана Есеева, блогер:

- Мен өз-өзімді қатал деп санаймын да. Бостандық беремін, бірақ шектеулер қоямын. Одан өтуге болмайды деген. Енді әрбір бала, бірдемені сұраған кезде бермесең жылайды истерика көтереді дейді. Бірақ өз сөзіңде тұрсаң бермеймін десең, бермесең сонда екінші рет істемей қояды ондай нәрселерді.