Сән саласының өкілдері Лондонда өткен «British Fashion Awards» шарасына жиналды. Аталмыш марапат әлемдік фэшн индустрияға үлесін қосқан танымалдар арасынан кіл мықтыларды анықтайды.
«The Fashion Awards» 1984 жылдан бері дәстүрлі түрде аталып өтеді. «Vogue» және «Harper`s Bazaar» сынды танымал журналдардың бас редакторлары сән саласының мықтыларын саралап, үздіктерді анықтайды.
Көптен күткен британдық фэшн-шара биыл да дүркіреп өтті. Қызыл қілемде бой көрсеткендер қатарында Ирина Шейк, Эмилия Кларк, Наоми Кэмпбел сынды мега жұлдыздар да бар.
«British Fashion Awards 2019» марапаты Рианнаны «Жыл жаңалығы» деп таныды. Қызыл кілемде рэпер A$AP Rocky-мен көзге түскен сылқым, «Fenty» брендімен «Urban Luxe» номинациясының иегері атанып отыр.
Рианна, әнші:
- Шынымды айтсам, бұл үлкен еңбектің жемісі. Мен бүгінде ән айтпай-ақ сәнге мүлдем бет бұрып кетсем де, жерде қалмайтыным анық. Себебі, қыздарға керек дүниені мен іштей сеземін.
Жылдың ең көрікті аруы ретінде Наоми Кэмбелл «Сұлулық иконасы» аталымы бойынша топ жарса, топ-модель Адут Акетч «жыл сәнбикесі»