Мадина Дәулетқызы, @makeshi_
«Жыл таңдауы» жүлдесі осымен төртінші мәрте өз үздіктерін анықтамақ! Музыкалы премия биыл «Жастар жылына» арналып, ғаламтор арқылы танылған ньюскул әншілерді марапаттайды.
Сондықтан бұл кеште дәстүрлі әншілерге қарағанда, жас жұлдыздардың қарасы мол болды. Ал мәртебелі марапат ғаламторда қаралымы жағынан рекорд орнатып, трендтен түспеген таналанттарға бұйырды. Мәселен, олардың арасында «Алматы-Семей» әнімен танылған Бонопарт пен Мәди Рымбаев та бар.
Халық бұл кеште «Найнти уандықтарды» тағатсыздана тосқаны жасырын емес. Жігіттер концертке қатыса алмағаны үшін, оларға бұйырған екі бірдей жүлдені Ерболат Беделхан алып қайтты.
Q-pop өкілдері арасынан ерек мәртебеге ие болған жалғыз Ninety one емес. Зируза мен Мэдмэндықтардың да есімі жеңімпаздар қатарынан табылды.
«Madmen» тобы:
– Жігіттер құттықтаймын! Шатаспасам, бұл сіздердің алғашқы марпаттарыңыз аталмыш шарада?
- Иә. Біріншіден тағы да сәлем. Сіздермен бірге Мэдмэн. Бұл біздің алғашқы марапатымыз. Үш жылдан бері қатысып жатырмыз. Біздің «Улала» трегімізді 2,5 миллион қаралым жинаған. Сондықтан, осындай бір марапат берді.
Жас әншімен дуэт құрып, тыңдарманын жаңартуды көздеген Нұржан Керменбаевтың да еңбегі еленді. Орысша алғаш рет ән айтқан Қарабала бұл кешке ұзақ дайындалған.
Нұржан Керменбаев және Әділ:
- Енді мен сіздердің образыңызға тоқталар болсам, бір ерекше сияқты. «ХайпбайАбай».
- Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста. Бұл енді Исабель деген қарындасымыздың идеясы. Маған ұнады. Басында кимей тұрғанда қалай болады екен деп ойлап едім, екеуіміздің бірдей көрінісімізді көрген кезде әдемі болыпты деген.
- Яғни жандырамыз дейсіздер ғой.
- Иә, шықтық жандырдық, кеттік!
Ал, Балжан Бидаш есінде бұл күн мәңгі қалары анық! Сылқымның сүйіктісі дәл сахнада үйленуге ұсыныс жасап, көптің жүрегін елжіретті.
Балжан Бидаш, әнші:
– Балжан енді, биылғы «Жыл таңдауы» сіз үшін ерекше болып жатқан сияқты. Жаңағы сіздің қуанышты сәтіңіздің куәгері болып жатырмыз. Өзіңіз де күтпеген шығарсыз.
- Күтпеген жағдай болды, шынымды айтсам қобалжып кеттім. Не істерімді білмей қалдым. Дайындық барысында ойлап қоям неге олай, неге мен соңына дейін столда отыруым керек деп. Бұл тосынсый жаңа жыл немесе жаңа жылдан кейін болады деп ойладым, сондықтан неожиданно.
«Үздік продюсер» атанған Алуа Қонарова үшін де бұл кеш тосынсыйға толы болды!
Ал, «101» тобы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қолынан марапат аламыз деп еш ойламағанды. Майталман музыканттар ерек жүлде - «Дәуір» аталымына лайық.
Еске салсақ, «Жыл таңдауына» шетелдік әртістер де шақыртылған еді. Блэкстарлық біраз әнші бұл кештен құр алақан қайтпады.
TERNOVOY, әнші:
- Шынымды айтсам, мұндай марапатты иемденемін деп еш күтпедім. Бар болғаны халықтың көңілін көтеріп, ән шырқап қайтамын деп ойлағанмын. Менің анам, бұл марапатқа қуанары сөзсіз!
Қысқасы бұл концерттен, барлық әнші көңілді тарқасты дерсіз мүмкін. Алайда, шарадан өкпелі қайтқандар та табылды.
«EQ» тобы:
- Бейнебаяны жоқ адамдар келіп, біздің елімізге қатысы жоқ адамдар келіп, бүйтіп статуэтканы алып кетіп бара жатқанда менің жаным ауырып кетті. Себебі, менің еңбегім зая кетті. Бірақ сіздер бағаламасаңыздар да, бағалайтын адамдар бар.
Еңбегіміз еленбеді деген Екьюліктер, өкпе-назымыз ұйымдастырушыларға жетеді деген үмітте!