Кеудесі ашық көйлек киген Баян Мақсатқызы тағы да жұрттың қызу талқысында! Алагөзованың оқырмандарына оның орбразы жақпай қалса керек. Алайда, атышулы продюсер бұған дейін өз инстаграмында хейтерлерге арнап алдын-ала жазба қалдырған еді.
Баян Алагөзова, продюсер:
- Мүмкін қырықтан асқан әйелдерге қалай киіну керектігі туралы заң енгіземіз? Меніңше, көбісі бұл жастағыларды зейнеткер санап, кимешек кию керек деп ойлатын сияқты. Әлем көріп, көзқарасымыз кеңейсе де, танымымыз тарыла түсетіні өкінішті.
Сондай-ақ, экс-Есентаева жабық киініп те, жамандық жасауға болатынын айтқанды. Оның ойынша, адамның жақсы болуы етектің ұзындығымен өлшенбейді.
Баян Алагөзова, продюсер:
- Радикалды адам емеспін. Менің ойымша, кез-келген адам өзін қалай көрсетсе де, оған құқығы бар. Сондықтан, әрбір адам өз қалауы бойынша киінеді.
Тіпті, Баян бірнеше мәрте төсін жалаңаштаған Динагүл Тасованы жақтайтындар жағында. Қырықтан асқан продюсер, «қолдан келсе ашық-шашық киініп неліктен «хайп» жасамасқа?» - дейді.
Баян Алагөзова, продюсер:
– Айтады ғой атың шықпаса, жер өрте.
- Сол дұрыс па?
- Ну казахи же не зря такую пословицу придумали. Много веков назад. Значит басқа қазақтар жүз жыл бұрын, мың жыл бұрын, жер өртеді. Правильно?
- Бірақ оны Баян, дұрыс деп айтпаған. Атыңды дұрыс шығар, сіз сияқты еңбек жаса, фильм түсір немесе атың шықпаса жер өрте деген.
- Кеңес Одағы кезінде бізге барлығы қолжетімсіз болды. Ал, қазір ғаламторды ашып қалсаңыз неше түрлі қыздар жүр. Ашық-шашық образдардан бас тартар болсақ, онда ғаламторды да, теледидарды да мүлде алып тастайық. Бұл, жалаңаштануды толықтай қолдаймын деген сөз емес. Адам өз көңіл-күйі мен эмоциясын да киім арқылы білдіре алады ғой.
Ал Алагөзованың қырықтан асқан құрбылары болса, продюсер ханымның киген киімі өз имиджіне сай деген пікір білдірді.
Аида Кәуменова, дизайнер:
- Мен ойлаймын, әр әйел өзінің стилі болуы керек. Және де ол осы өмірге не айтқысы келіп тұрғаны болуы керек. Ол ішкі дүниесі, ойлағаны, сол өзінің киіміне лайық болуы керек.
Қырықтан асып, елудің етегіне қол созса да, жұлдыздар кимешек киюге әзір емес. Бастысы, киген киіміміз өзімізге жарасса жеткілікті дейді.