Тұп-тура 22 жылдан кейін Жазира мен Жанболат кестетігерлі болды! «Көз тиеді, сөз өтеді» деді ме, қыздарын қырқынан шығарғанша жағымды жаңалықтарын жұртқа жария етпеді. Тек күні кеше ғана Жазира Байырбекова инстаграм әлеуметтік желісінде қуанышты жаңалығымен бөлісті.
Ақпараттың мән-жайын білу үшін әншілерге хабарласқан едік. Олар бұл жайлы тек жаңа жылдан кейін ғана сұқбат беруге құлықты екен. Ал Жазираның туған әпкесі Ләззат Байырбекова болса, сіңлісінің қуанышы қойнына сыймай жүргенін айтады.
Ләззат Байырбекова, әнші:
Ой, айта берсек өзгеріс өте көп. Жазира айтады: баласы бар адамдарды көрсем бақытты болып тұрған шығар, бақытты болып тұрған шығар деген ой келе береді, - дейді. Өзінің бақытты болып жүргенін сол арқылы біліп отырмыз.
Десе де ел құлағы елу. Жұрттың алып-қашпа әңгімелері әншілер әулетіне де жетіпті. «Баланы асырап алды. Өзі босанбады» дегендерге Ләззаттың өз айтары бар.
Ләззат Байырбекова, әнші:
– Оларға Алла Тағалам қызды болу бақытын бұйыртты. Ол маңызды емес қалай болса да. Алла Тағаламның берген сыйы ол. Өзі босанды ма... Ол жағын өздері айтпаса, мен айтпаймын.
Ал сонша жыл сарылта күткен бөбектің есімін, ағасы Қазыбектің өзі қойыпты. Желіге «22 жыл үзіндіден кейін табылған, біздей мықты отбасыны таңдаған, ерекше Дара қарындасым» деп жазба қалдырған.
Ләззат Байырбекова, әнші:
– Үшеуі өздері ақылдасып, ұнаған есімді ортаға салып, солай Дара деп қойған шығар. Мен әлі Дара есімінің өзінің анықтамасы бар деп естіп қалдым. Бірақ не мағына беретінін Қазыбек біледі ғой оны.
Ал сонша уақыттан кейін ағалық бақытты сезініп жүрген Қазыбек Жанболатұлы, тілішінің сұрағынан тосырқаса керек, қобалжып жауап бере алмады. Тек «сұрағыңызға кейін жауап берейін» дегенмен шектелді.
Қазыбек Жанболатұлы:
– Қазір асығыс неде тұрмын... Бұл сұрақ оңай сұрақ емес екен ғой. Сондықтан маған асықпайтын состояние керек.
Ел не десе де, енді қазақтың бір шаңырағында бөбектің сыңғыр күлкісі мен тәтті былдыры естілетіні анық. Дара балақайдың болашағы жарық болса деген тілек біздегі!