Лос-Анджелес тұрғындары болса, «Капитан Марвел» тұсаукесерінен соң естерін жия алмауда! Фантастикалық туындының авторлары, премьера үшін АҚШ-тың әуе күштерін жұмылдырған екен. Дәл қызыл кілем шарасы сәтінде, көкте қалықтаған жылдам ұшақтар, ел таңданысын тудырған.
Көк аспанда ұшақтардың қалықтауы бекер емес! «Капитан Марвел» картинасында дәл осы әскери-әуе күштерінің мүшесі Кэрол Денвердің бастан өткергені баяндалады. Ал, премьерадағы тыңнан түрен салған мұндай жаңашылдық, жиналған жанкүйерлерге ұнағандай.
Әсерлі шарада бас кейіпкер Бри Ларсон да, әсем образымен есте қалуға тырысты. «Rodarte» брендінің көйлегімен көзге түскен актрисаны, кешке келген «ерекше фанаттар» таңқалдырған.
Бри Ларсон, актриса:
-Керемет көңіл күйдемін! Әсерленгенім соншалық, айқайлаймын деп, аздап шаршап қалған жайым бар.
Ларсоннан өзге, көптен күткен тұсаукесерге картинаның күллі ұжымы қатысқан еді. Қызыл кілемнің басты жұлдызына айналған киногерлер, фантастиканың табысты атанатынан дәмелі.
Райан Флек, режиссер:
-Премьерадағы шоу халыққа қалай ұнаса, фильм де көрерменнің көңілінен шығады ден сенемін. Кинода заманауи, визуалды эффектілерді, көптеп қолдануға тырыстық.
Отандық көрермен болса, Райанның бұл жұмысына көп ұзамай-ақ өз бағасын бере алмақ. «Капитан Марвел» наурыздың 7-нен бастап үлкен экрандарда.