Кайли Дженнер әлемнің ең жас миллиардері атанды! Бұған дейін осы атақты «Facebook-тың» негізін қалаушы Марк Цукерберк иемденіп келген еді. Әйгілі сәнбикенің бұл жетістігіне отандық жұлдыздар да өз бағасын берді.
«Forbes» пайымымен «ең жас миллиардер» атанған арудың қалтасын қалыңдатқан – Кайлидің косметикалық бренді. 22-жастағы Дженнердің 2015 жылы сатылымға түскен бет-әрлеу өнімдері, дүкен сөрелеріне қойылған алғашқы 30 секундында-ақ, өз иесін тапқан көрінеді.
Сондай-ақ, сылқым оған дейін сән саласында бағын сынап, Instagram-да оқырманы көп әрі ең қымбат жұлдыз атанған. Әлеуметтік желідегі әр жарнамасына, Кайли 1 миллион доллар талап етеді. Бүгінде оның жылдық табысы 1 миллиард долларды құрап отыр.
Ең жас әрі дәулетті ару ел арасында «Кардашьяндар әулеті» телевизиялық жобасы арқылы танылған еді. Атышулы Кардашьяндармен Кайлидің анасы бір. Ал, оның әкесі бұрын спортшы болған – Уильям Брюс Дженнер. Бүгінде ол жынысын ауыстырып, Кейтлин есімімен әлемдегі ең танымал трансгендер атанып отыр.
Кайлидің табысы отандық жұлдыздарды да бейжай қалдырмауда. Мәселен, Ләйлә Сұлтанқызы да, дәулеттілер тізімінде табылуға ниетті.
Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
-Кейде мысалы біреулер кінәлап жатады, сіздің тым көп жарнама, жарнамаға өте қатты мән бересіз деп. Ал, басқаша қалай. Кешіріңізші, Ким Кардашьянның 20-жасар сіңлісі Форбсқа аяқ асты кіріп жатса, мен әлі кірген жоқпын. Менің кіруіме хақым жоқ па?
«Экс-кешьюлік» Балжан Бидаш үшін де Каили Дженнер үлгі. Алайда, әншіге сәнбикенің мол байлыққа кенелуі емес, оның отбасы мен киіну стилі қызық.
Балжан Бидаш, әнші:
-Мен Голливудтық жұлдыздарды инстаграмда өте көп қараймын. Солардан бірдене алу үшін. Көбінесе мен әншілерге емес, модельдерге көп қараймын. Ким Кардашьян жанұясы, солардың қыздары, солардың стиліне көп қараймын.