Жеке өмірін талқыға салатындар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнес өкілдерінің, шығармашылықтан тыс бүгінде жеке өмірі де қызу талқыға түсіп жүр. Жұлдыздардың өнерін емес қара басын жұртқа жарнамалауы, «Джейрандық» қыздардың үнемі ашуын туғызады екен... Олар өнердегі әріптестерін қалай жөнге салмақ?

Төрт жылдан астам «Джейран» тобында өнер көрсеткен Фариза Елемес, жұртқа жеке өмірі жайлы ешқашан жақ ашпаған. Тек шығармашылық жаңалықтарымен бөлісуді құп көретін бикеш, бүгінде әртістердің тұрмыс-тірішілігін талқылауға құмар көпшілік үшін қапалы.

Фариза Елемес, «Jayrun» тобының экс-әншісі:

-Өзімнің творчестволық жағым қызық емес болып кетеді. Біздің көп әншілердің, қатесі деп айтсам болады. Оның творчествасын не айтып жатыр, қандай ән жазып жатыр, қандай клип жазып жатыр дым қызық емес халыққа. Халыққа кім ажырасты, кім қосылды, кім үйленді, кім тоқал болды. Ал менің ойымша ол қызық болмау керек.

Фаризаның бұл кеңесіне Серік Ибрагимов те қосылады. Әнші жігіттің, жеке өмірін бүкпесіз жариялайтын әріптестеріне айтары бар.

Серік Ибрагимов, әнші:

-Енді шыныменде ол әр нәрсені көрерменге, тыңдармандарға жанашыр жандарға сала берудің қажеті жоқ. Негізі жеке өміріңде болып жатқан, творчестваңа қатысты болса, өнеріңе қатысты болса міндетті түрде бөліс, сал, қуант.

«Экс-кешьюлік» Жұлдыз Өмірғали, Айқынға тұрмысқа шыққан сәттен елдің сынына ұшыраған еді. Әнші қыз сахнаға қайта оралмаса да, назардан тыс қалмақ емес.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:

-Білмеймін кейбір адамдар жеке өмірін шығарса, керісінше жақсы болып адамдар қолдап кетеді еліміз. Ал біздің жағдайда әрине, қолдамаған кері пікірлерін айтқан көбірек болды. Былай өнерге қатты бір әсерін тигізді деп айта алмаймын.

Жұлдыз Өмірғалидің айтуынша, өнер өкілдерінің жеке өмірі талқыланса, ол өздеріне деген қызығушылықтың пайда болғаны.