Кардашьяндар әулетінің жұлдызы – Хлои, күйеуімен қарым-қатысынасын біржолата үзді. Сәнбикенің ғашығы Тристан Томпсон тағы да опаздық жасаған. Енді Хлои қызының әкесімен заңды түрде ажыраспақ па?
«Ауру қалса да, әдет қалмайды.» Хлои Кардашьян сүйіктісінің талай опасыздығын кешіргенімен, Тристан Томпсон бұрынғы әдетін қайта бастаған. Баскетболшы, тіпті, Кайли Дженнердің жақын құрбысы Джордин Вудспен көңіл қосқаны белгілі болды. Жақынынан мұндайды күтпеген Хлои, енді ажырасуға бел буған.
Кендалл Дженнер болса, Кардашьяндар әулетінің құпиясын ашты. Сәнбике атышулы отбасында ешқайсының жоғары білімі жоқ екенін жайып салды. 23 жастағы бикеш, университетте оқудың мүлдем қажеті жоқтығын айтып, сүйікті жұмысыңа дипломсыз-ақ қол жеткізуге болады деп, жұртты таңқалдырды.
Леди Гага сөз байласқан сүйіктісі Кристиан Кариномен қарым-қатынасын үзгенін ресми түрде мәлімдеді. Өзінің жеке менеджерімен көңіл қосқан әнші, тұрмысқа да шығуға дайын болған еді. Алайда, ғашықтардың дәм-тұзы жараспай, айырылысып кетті. Гага енді, экс-сүйіктісімен жұмыс істеуден де бас тартып отыр.