Керімбекова әпкесі Рымбаеваның алдын орап кетті. Халық әртісінің соңынар ерген сіңілілері ене атанса, Қуанышқызының қос ұлы әзірге келін әкелуге асықпайды. Күні кеше Ақботаның тұңғышының тойында болған Роза ханым, Әли Оқаповқа біз арқылы сәлем жолдады...
Керімбековаға келін сыйлаған дәл осы жігіт. Есімі Біржан! Ол он тоғыз жастан енді асқанда отағасы атанып отыр. Ақботаның тұңғышының таңдауы – Айгерім атты ару! Жауапкершіліктің жүгін арқалап, шаңырақ көтеруге ерте қамданған азаматтың пысықтығына Роза Рымбаева аң-таң!
Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:
-Ақбота жас қой менен гөрі. Балалары да жас үйленіп жатыр. Біздің Әлидің жасы келді. Екінің бірінің сұрағы сол, Әлидің тойы қашан деп. Мен де баламнан күнде сұрап жүрмін. Бірақ енді өзінің уақыты келеді. Бір қызды бұйырғаны алып келеді деп ойлаймын.
Ақбота Керімбекова, әнші:
-Енді көп алдымдағы аға-әпкелерімнің алдынан өтіп, кетіп жатырмын. Енді бұйрық солай болып жатыр ғой. Сол себептен кешірім сұраймын. Жұғысты болсын енді осы қуаныш.
Ақботаның дүбірлі тойында, келінді болған танымалдар толып жүр. Жас енеге айтар ақыл-кеңестері де көп-ақ. Мәселен, Қайрат Нұртастың анасы, өз тәжірибесін ортаға салды.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
-Келінді бір-екі бала болғанша, қолында ұстағаны жақсы. Бірақ өмірбақи емес. Өйткені олардың да жеке өмір сүргісі келеді. Сондықтан да, бір-екі баласына көмектесіп, ақылын айтып, тәрбие бергеннен кейін, бөлек шығарған дұрыс сияқты.
Енелік мансабында екі жылдық тәжірибесі бар Ысқақова, бұл пікірмен келісе қоймады. Жеңістің отбасылық ұстанымы: «Жастарды еркіне жіберу керек».
Жеңіс Ысқақова, әнші:
-Жастарға біздің мынау рамкамыз өтпей қалуы мүмкін. Сондықтан да, екі бала бақытты болса екен дейміз. Біз араласпай, тек қана тілеуін тілеп отыруымыз керек сияқты.