Айтпақшы, Ақботаның қуанышына ортақтасқан қонақтардың қатарында, заң алдында істі болған Әлімбекова да бар. Қолхатпен босатылған Гаухар, бұл кеште ән шырқап, сағынған әріптестерімен әңгіме-дүкен құрды! Ортасына оралған өнерпазды, халық қалай қабылдады? Серікқазы Аязбаев айтады!
Алаяқтық жасады деп айыпталса да, Гауһарға деген халықтың қошеметі мен құрметі саябырсымаған. Атышулы оқиғадан кейін алғаш рет ел алдына шыққан Әлімбекованы әріптестері де, қарапайым қарашада жылы шыраймен қарсы алды. Әншінің басына түскен іс, өнерпаздар қауымын бір есеңгіретіп алғандай.
Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:
- Осы жағдай болғанда жүрегімізді сыздатып, тырнап өткендей күй кештік. Бүкіл өнерпаздар, кәдімгідей 300-ге жуық өнерпаздар чат құрылып, сол жерде көп дүниені талқылап, шықты деген видео біздің чатқа келген, кезде мен сабақта отырғанмын. Өкіріп жылап алдым, шыны керек. Құдай басқа бермесін!
Бұл жайсыз жаңалықты естіген сәтте, жұлдыздарды да жазғырғандардың санында шек болмапты. Әлеуметтік желіде жағымсыз жазбаларымен өнер өкілдерін сынағандарға, Сәкен Майғазиев жауап берді.
Сәкен Майғазиев, «МузАрт» тобының әншісі:
-Өнер адамдары қайда отыр? Мыналар ақша жинамай ма? Кейбір адамдардың ақылынсыз-ақ, біздің өзіміздің ақылымыз толысқан. Бір-бірімізге көмектесу керек екенімізді білеміз. Кейде кейбір адамдар біздің өнер адамы екенімізді, біздің саламыздың бөлек екенін ұмытып кетеді. Онымен айналысатын заңгерлер...
Әріптестері, Гауһардың мұндай құйтырқы әрекетке барғанына әлі күнге дейін сенбейді.
Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:
-«Өнер адамдары алаяқ екен. Өнер адамдары ақшаны беріп, қашып кетеді екен» - деген сұмдық дүние ғой былай қарасаң. Ондай дүниеге, өнердегі қыз-жігіттер бара қоймайды. Өйткені, өнердің өзінің таза энергетикасы бар.
Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
-Шүкіршілік айтамыз, Гауһардың ортамызға оралғанына. Жұмысының жеңілдегеніне. Әрине, заңның аясында барлығы шешіліп жатыр деп ойлаймыз.
Әзірге Әлімбековаға БАҚ өкілдерімен байланысып, сұхбат беруге рұқсат жоқ. Заң алдында қылмыстық іске қатысы жоғы анықталса, алдағы уақытта ағынан жарылып, өткен-кеткеніне есеп бермек ниетте.