«Қара нәсілшіл» картинасы болса, қыруар қаржы жинамай-ақ, «Оскардан» өз еншісін алуға ниетті. Фильм, мәртебелі марапат үшін, Марвелдың өзіне бәсекелес атанды. Дегенмен, атышулы туынды мен оның режиссеры Спайкл Ли жайлы білетіндер неге аз?
«Қара нәсілшіл» картинасы үшін, «Оскар» марапаты қатысып отырған алғашқы сайыс емес. Кіл мықты фильмдерге қарсылас атанған туынды, бұған дейін Канн фестивалінде бақ сынап, «Гран-При» еншілеп қайтқан еді.
Марапатқа үмітті лента арқылы, режиссер нәсілшілдік пен жемқорлыққа қарсы үндеуін жолдайды.
Спайк Ли, режиссер:
-Сіз керемет фильм таспалайсыз. Алайда, адамдар оны тек 20 жылдан соң мойындауы мүмкін. Себебі, көрермен көп нәрсені бірден түсінбейді. Сондықтан, менің айтар ойым, бәріне бірден жетсе екен деймін.
«АҚШ-тағы нәсілшілдік» – Спайк Лидің бұрыннан арқау еткен тақырыбы. Спайк Ли 2016 жылы «Оскарға» байкот жариялаған еді. Себебі – үміткерлер тізімінде бірде-бір қара нәсілді өкілдің болмауы. Енді, діттегеніне жеткен режисер, бас жүлдені де еншілеп қалуым бек мүмкін деп отыр.