Қайрат Түнтеков 33 жасқа толды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Салтын бұзбас сән үйі сынды, мызғымайтын стилі бар Қайрат Түнтеков үшін де бұл ерекше күн! Өнерпаз 33 жасқа толып отыр. Ерек дауыс иегері, сахнадағы 15-жыл ішінде қандай белестерді бағындырды? Бүгінде әнші қайда жүр?

Қайрат Түнтековты шоу-бизнес әлеміне жетелеген – «Суперстар» жобасы. Жарқ етіп жанған жұлдызға аталмыш бәйгеде бас жүлде бұйырып, ізінше алғашқы әнжинағын жарыққа шығарған еді.

Кейіннен өнерпаз, Қазақстанның намысын қорғауға Юрмаладағы «Жаңа толқын» байқауына аттанады. Онда Қайрат «қазақтың Майкл Джексоны» атанып, арнайы жүлде – бағалы тастардан жасалған мүсіншені иемденді.

Бұдан кейін, Түнтековтың шығармашылық жолда бағы жанғандай еді. Алайда, 2012 жылдың желтоқсан айындағы жол-көлік апаты, Қайраттың өнеріне тосқауыл болады.

Басына түскен қиындықтарды еңсеріп, біраз жылдық үзіліс жасаған өнерпаз, жуырда отандық ән бәйгесінде бірінші орынды иемденеді. Бұл жеңісі Қайратқа қосымша үміт сыйлағандай.

Қайрат Түнтеков, әнші:

- Біраз продюсерлермен жұмыс істеп тастадым. Он төрт жылдың ішінде біраз нәрсені көрдік, үйрендік. Сондықтан Қазақстанда, өзіміз жүре береміз осылай жұмыс жасап.

Қайрат қанша сахнадан алыстап, көпті сағындырса да, адал жанкүйерлері оны ұмытқан емес. Өздерін «Форсес» атаған Түнтековтың тыңдармандары үшін, ол қашанда «ең үздік орындаушы» болып қала бермек.

Қайрат Түнтеков, әнші:

-Сағындық Қайрат. Балам деп апалар жазып кетеді мысалы, сонымен кәдімгідей білдім халық ұмытпағанын, халық сағынғанын.

Ойыма сол келді де, неге халық үшін шықпасқа, халықты сағындырдым қатты.